Аймақтар • 31 Мамыр, 2020

Солтүстік мұзды мұхитты зерттеген Гернет Қаробада жерленген

705 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2017 жылы  аудан әкімдігі Қараоба ауылында Гернет жерленген зират басына ескерткіш белгі орнатты.Ескерткіш белгіде: Здесь в августе 1943 года похоронен Гернет Евгений Сергеевич военный моряк, исследователь Арктики. Репрессирован в 1938 году»  деп жазылған.

Солтүстік мұзды мұхитты зерттеген Гернет Қаробада жерленген

Бұл жердегі зиратта Е.Гернетпен бірге жер аударылған басқа да қуғын-сүргінге ұшырған адамдар  жерленген. Ал тарихи мәліметтер Е.Гернеттің (1882-1943) алыс теңіз капитаны, орыс-жапон соғысының батыры, Азов Қызыл флотының басшысы, Арктика зерттеушісі болғанын жазады.

Дворяндар әулетінің  ұрпағв  Евгений  Гернет 1882 жылы Санкт-Петербордағы Крондштатта дүниеге келген.Ғалым Солтүстікті мұзды мұхитты ғылыми түрде зерттеу үшін бірнеше экспедиция жолдарын дайындайды.

1937 жылы зерттеуші гидролог-ғалымдар тобын бастап,Солтүстік  мұзды мұхитқа  зерттеу жұмысының жоба картасын жасайды.1938 жылдары әртүрлі саяси жала, «жапон тыңшысы» деген айып тағылған Евгений Гернет жазықты болып, қазақ жеріне  түкпірдегі Қараоба  колхозына жер аударылады.

Ал 1943 жылы 5 жылы өтеліп Қазанға баруға рұқсат берілді.Галина есімді қызына бармақ  болып, қуанышты хабардан жүрегі  шыдамай, кенеттен қайтыс болған.

Қараоба  ауылының тұрғындары  1956 жылы әке бейітін іздеп келген Галина Гернетті қарсы алып, қызына оның жерленген жерін көрсетеді. 2011 жылы Галина Гернет әкесіне арнап «Он умер от радости» деген кітап жазған. Ол өзінің қолтаңбасы бар кітапты ауыл мектебіне  сыйға тартыпты.

Карта жасаған зерттеуші-ғалымның поляр мұз басуына байланысты зерттеген  еңбегі кейін дәлелденгені жазылған. Жыл сайын ақтоғайлықтар Евгений  Гернет бейітінің басына барып гүл шоқтарын қойып,  өткен зұлмат құрбандарын еске алады.

Павлодар облысы