Аймақтар • 31 Мамыр, 2020

«Салық әмияны» мәліметтерді өңдеуге септеседі

457 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

eSalyq мобильді қосымшасындағы «Салық әмияны» қызметі салықты жылдам әрі тиімді толтыруға септесіп, бірқатар мәселені шешуге септесті. Бұл туралы Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Талғат Мамаев және аталған ведомствоның Мемлекеттік қызметтер департаменті дербес шоттарды әкімшілендіру және төлемдерді есепке алу басқармасының басшысы Динара Күшібаева айтып берді.

«Салық әмияны» мәліметтерді өңдеуге септеседі

Талғат Мамаевтың айтуынша, жаңа қызмет қате төлемдер мен негізсіз айыппұлдарды жойып қана қоймай қайтарымдар және инкассалық өкімдердің санын азайтып, салық төлеушінің шығындарын үнемдеумен бірге банктердің комиссиялық шығындарынан құтылуға септігін тигізді. Осылайша, жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер «салық әмиянын» толтыру арқылы балама салық төлеудің мүмкіндігін алды.

«Әмияндағы ақша автоматты түрде салық міндеттемелері пайда болған салықтарға есептеледі. Бюджеттегі биылғы және алдағы міндеттемелерді салықтар және мемлекеттік кірістер органдары бөлімінде танысу болады. Сол секілді мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы бойынша салық салу нысандары туралы мәліметтерді осы жерден көре аласыздар. Бұдан басқа, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар үшін бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеудің қарапайым және ыңғайлы сервисі іске қосылды. Сондай-ақ осы жылдың аяғында уәкілетті органдармен бірлесіп, салық салу нысандары туралы мәліметтерді түзету қызметін енгізу жоспарлануда. Оның негізінде жеке тұлғаларға салық салу нысандары туралы ақпаратты жаңарту үшін электронды өтініш жіберуге мүмкіндік беріледі», - деді Т.Мамаев.

Комитеттің екінші деңгейлі банктермен бірігуінің нәтижесінде салық төлеудің ыңғайлы және қарапайым қызметтері енгізілді. Осылайша, 2018 жылдың шілдесінен бастап, салық төлеушілерге салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешектерді МКК-нің «Салық төлеушілер кабинеті» веб-қосымшасында, ведомство порталының eSalyq мобильді нұсқасында және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында (Homebank, Kaspi.kz және басқалары), сондай-ақ Электронды үкіметтің порталында (egov.kz) қарап, төлеу мүмкіндігі қарастырылған.

2020 жылдың 1 қазанына дейін жеке тұлғаларға мүлік салығы мен жер салығы бойынша алдағы төлемдер және көрсетілген қызметтер бойынша ақпарат биыл  маусым айында орналастырылады деп күтілуде.

Осы орайда салықтарды төлеу туралы ақпарат екінші деңгейдегі банктерден онлайн режімде 2 минут ішінде келіп түсетінін айта кеткен орынды. Бұл мемлекеттік қызметтерді жылдам көрсетуге, жеке бет есептерден тиісті ақпаратты ұсынуға және шоттардан бұғаттарды уақытылы алып тастауға жол ашты деп нақтылады спикерлер.

 

Соңғы жаңалықтар