Дегенмен соңғы аптада Louis Vuitton Moët Hennessy компаниясының иесі өз байлығын $8,1 млрд-қа арттыра алды. Сөйтіп оның жиған-тергені $100 млрд-тан асып түсті.
Осы жөнінде ақпарат берген Forbes.21-28 мамыр аралығындағы өзгерістерді есепке алған. Басылымның хабарлауынша бұған Еуроодақтың экономиканы қолдау жөнінде жаңа шараларды жариялауы әсер еткен. Осыдан кейін LVMH компаниясы акцияларының құны бірден 10% өсіп шыға келген. Сөйтіп Арноның байлығы $103,4 млрд-қа жеткен көрінеді.