Ол өз табысының бұлайша күрт өсуін қолындағы бағалы қағаздарын сатқандығымен түсіндірген. Алайда Шапошников бағалы қағаздардын түрі мен тарихы жөнінде дерек бермеген.
Мәскеу қалалық Думасының сайтында жарияланған мәліметтер бойынша Алексей Шапошниковтың иелігінде алаңы 269,5 кв. метр пәтер,18,7 кв. метр мәшине орны, Mercedes-Benz E-350 автокөлігі, сондай-ақ уақытша пайдаланудағы алаңы 277,7 кв. метр коттедж болған.
Википедиядағы мәліметтерге қарағанда, Шапошников ұзақ жылдар саясатпен шұғылданып келген. Оқытушы болған. Телеканалдардың бірінде бағдарлама жүргізген. Меншігіндегі пәтерін ипотекалық кредитке алған көрінеді. 2014 жылдан бастап екі сайлау қатарынан қалалық Думаға депутат болып сайланып, содан бері оған тұрақты төраға болып келеді.
Қалалық Дума төрағасы 2 млрд рубльге жуықтаған кірісін жария етті, - деп хабарлады РБК. Бұл оның кірісі бір жылда 79 есе өскендігін білдіретін көрсеткіш.
70 шақырымды еңсерген велошабандоз
Оқиға • Кеше
Алматыда Қазақстан мен Ресей волонтерлік ұйымдарының слеті өтті
Волонтер • Кеше
Алматыда креативті индустрия өкілдерімен кездесу өтті
Алматы • Кеше
Абай облысындағы мектепте қазандық жарылды
Төтенше жағдай • Кеше
Ақтауда көлік апатынан үш адам зардап шекті
Аймақтар • Кеше