Әлем • 31 Мамыр, 2020

АҚШ таяуда «ұлы қаруға» қол жеткізеді - Трамп

525 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішінде ұшқышы бар SpaceX ғарыш кемесі кеңістікке сәтті көтерілген бойда Трамп «АҚШ ғарышта әлемдік көшбасшы мәртебесіне қайта ие болды», - деп мәлімдеді.Бұл туралы РБК ақпарат берді.

АҚШ таяуда «ұлы қаруға» қол жеткізеді - Трамп

Трамптың сөзінше, Құрама Штаттар жуықта Марсқа барып қонады, сол кезде олардың қолында «адамзат тарихындағы ең ұлы қару» пайда болады.

«Егер сіз ғарышта екінші нөмірлі болсаңыз, онда Жер бетінде бірінші нөмірлі бола алмайсыз», - деп қосып қойды одан әрі АҚШ президенті.

«Біз бүкіл әлемнің қызғанышын тудырдық және жуықта Марсқа қонамыз. Сол кезде біздің қолымызда «тарихта теңдесі жоқ ұлы қару» пайда болады», - деді Трамп.

Оның сөзінше, ішінде ұшқышы бар SpaceX  кораблінің сәтті көтерілуі «соңғы 50 жылда адамзаттың ғарышқа жолдаған бірінші үлкен жолдауы екенін білдіреді.