«Атамекен» ҰКП төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлерімен кездесу барысында банктер бизнес өкілдерін қолдауға дайын екенін айтты. Оның сөзінше, өңірлік бағдарлама бойынша әкімдік шамамен 50 млрд теңгені үлестік мөлшерлемемен банктерге бере алады. Халық банкі, Сбербанк қаражатты 1 пайызбен кәсіпкерлерге бөлуге дайын. Нәтижесінде, кәсіпкерге арналған тиімді мөлшерлеме 1,5 пайызды құрайды.

«Төтенше жағдай кезінде біздің тарапымыздан қабылданған шаралар асығыс болды. Өйткені экономика үшін қаражат бөлу маңызды еді. Ал қазір мәселені жан-жақты саралауға мүмкіндік бар. Осы ретте жеңілдетілген несиелер бағдарламасы бизнес үшін үлкен қолдау. Бұл ұсынысты біз Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа жеткізген болатынбыз. Әрине бастапқыда банктер мұндай пайызбен жұмыс істейді дегенге күмән болды», деді ол.
Карантин мен төтенше жағдайдың салдарын басқаларға қарағанда көбірек сезінген екі қаланың кәсіпкерлері туризм, мейрамхана және қонақ үй бизнесі, тамақтану, сауда, құрылыс және өнеркәсіп (жеңіл және өндіріс) салаларындағы ең ауыр мәселелерді айтты. Сондай-ақ кәсіпкерлер қолданыстағы несиелерді кейінге қалдыру мерзімін үш айдан алты айға дейін ұзартуды және айналым капиталын толықтыруға жеңілдетілген кепілсіз несие алуға мүмкіндік беруді ұсынды.
«Микрокредиттерді кепілсіз беру мүмкіндігі қарастырылса дейміз. Мысалы, өз жалдаушыларымыз үшін жалға алу шарты болған жағдайда кепілгер болу мүмкіндігі мәселесін де қарастырдық. Біз екі жыл мерзімге 5 млн теңге көлеміндегі соманы қарап көрдік. Егер мүмкіндік болса, жалға алушыларға қолдау көрсетуді сұраймыз», деп атап өтті «Тигрохауд фирмасы» ЖШС директоры Жанар Қорабаева.
Сонымен бірге басқосу барысында елордалық құрылысшыларды алаңдатқан мәселелер талқыланды. Олар халықтың сатып алу белсенділігінің төмендегенін айта келе, салынып жатқан құрылыстардың тоқтап қалмауына мүмкіндік жасауды сұрады. «Global Expert Development Group» ЖШС директоры Абзал Сағымбаевтың айтуынша, қазіргі таңда құрылыс саласы елордада белсенді жұмыс істеуде, себебі жаз маусымы басталған кезеңде құрылыс қарқын алады, тиісінше қызметкерлер саны бойынша өзгерістер байқалмайтынын атап өтті. Сондай-ақ басталған нысандар ғана салынып жатыр, жаңа жобалар әлі тоқтап тұрғаны сөз болды.
«Негізгі әсер етуші фактор – девальвация және дайын тұрғын үйді одан әрі сату. Бүгінгі таңда 100 мыңнан астам адам елорданың құрылыс саласында жұмыс істейді. Үлкен мәселе – бұл халықтың төлем қабілеті және сәйкесінше сату процесі. Құрылыс индустриясын қолдау үшін біз тұрғындар арасында сату мен өтімділікті арттыру мақсатында қайталама нарық үшін ипотека бағдарламаларын әзірлеуді ұсынамыз. Сондай-ақ біз ЭҚТЖС-ның тізімін кеңейту қажет деп санаймыз, бұл құрылыс саласын жалақы қорынан есептелген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерден босатуға қатысты», деді Абзал Сағымбаев.
Кездесу соңында Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының кәсіпкерлерін мазалаған мәселелер қайта қаралатыны белгілі болды. Қолда бар ақпаратқа сүйене отырып, «Атамекен» үкіметке бизнесті қолдау шараларының тағы бір пакетін әзірлемек.
Т.Құлыбаев өз кезегінде жұмыспен қамту ұлттық палата үшін басымдық болып қала беретінін атап өтті. Демек қолдау шараларының негізгі траншы карантиннен кейінгі кезеңде жұмыс орындарын сақтауға дайын кәсіпорындарға бағытталады.
«Мемлекет кәсіпкерлікті қолдауға ақша бөледі. Біздің міндетіміз – бұл қаражатты бизнеске тарту. Жалпы, негізгі мақсат жұмыспен қамтуды бақылауға бағытталады деп санаймын. «Атамекеннің» ұстанымы – карантинге дейін жұмыс істеген кәсіпорындарды қолдау деп айтқанбыз», деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін төралқа басшысы еліміздің 15 аймағындағы кәсіпкерлермен кездесіп, онда ең өзекті мәселелерді талқылаған болатын. «Атамекен» ағымдағы мәселелерді шешу үшін бизнеспен үнемі диалог жүргізуді жоспарлап отыр.
Тілсіз жау соңғы аптада ғана төрт адамды мерт қылды
Аймақтар • Кеше
Қор нарығынан пайда табуға болады
Экономика • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Кішкентай көрермен кімге өкпелейді?
Театр • Кеше
СҚО-да су тасқыны қаупі күшейді
Аймақтар • Кеше
Құтқарушы әйел қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
Аймақтар • Кеше
Елордада «Шәмші» мюзиклі көрермен назарына ұсынылды
Театр • Кеше
Футзал: Қазақстан құрамасы көш басына шықты
Футбол • Кеше
Ақтөбе облысының Темір ауданына әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Ұлытау ауданының әкімі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Сегіз облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Жамбыл облысында бірқатар кадрлық тағайындаулар болды
Тағайындау • Кеше
Түркістан облысының денсаулық сақтау саласы көш басында
Медицина • Кеше
Аягөзде аулада тұрған көлік ұрланған
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында жойқын жол апатынан 7 адам қаза тапты (Видео)
Аймақтар • Кеше
Мәжіліс Төрағасы Қырғыз Президентімен кездесті
Парламент • Кеше
Елбасы Қырғыз Республикасының Президентімен кездесті
Елбасы • Кеше
Алматыда өрт қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді
Аймақтар • Кеше
Қостанайда мұғалімдер мен полицейлерге вакцина егу басталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Тбилисиге тұрақты әуе рейстері қайта ашылады
Қазақстан • Кеше
Атырау облыстық экономикалық тергеу департаментіне жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
Дәурен Кеңбейіл қаржы вице-министрі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Елордада тілсіз жаумен күрес қалай жүргізілуде?
Аймақтар • Кеше
Ғылыми саланы жетілдіру мәселелері талқыланды
Қазақстан • Кеше
Қостанай облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде «Игі істер» марафоны басталды
Аймақтар • Кеше
Сенатта сақтандыру нарығын жетілдіру мәселелері талқыланды
Қазақстан • Кеше
Ақтөбеде иесіз инженерлік желілер коммуналдық меншікке беріледі
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда кибер шабуылдар күрт артқан
Қоғам • Кеше
Петропавлда жатақханадағы жарылыстан бойжеткен көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Актер Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
10 наурызда телерадиохабар тарату уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Кеше
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына - 29 жыл
Қазақстан • Кеше
Алматыда мектептер наурыз айында аралас оқу форматына көшеді
Аймақтар • Кеше
«Дәрмек» республикалық операциясының бірінші кезеңі аяқталды
Аймақтар • Кеше
Adam bol awards жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды
Қоғам • Кеше
Қостанайда карантин бұзғандарға 18 млн теңге айыппұл салынған
Аймақтар • Кеше
Шымкентте мектептерде ыстық тамақпен қамтуға рұқсат жоқ
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жұмыс жүргізілуде
Қазақстан • Кеше
Қазақстан эпидемиялық ахуал бойынша "жасыл" аймаққа оралды
Қазақстан • Кеше
1-5 сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады
Білім • Кеше
Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Жамбыл облысында жұмыспен қамту жалғасуда
Аймақтар • Кеше
Мұнайлыда жылына 250 тонна ет өнімі шығарылады
Аймақтар • Кеше
Үлкен Алматы шатқалына баруға шектеу қойылды
Экология • Кеше
Аула хоккей лигасының V маусымы аяқталды
Спорт • Кеше
Ұқсас жаңалықтар