Коронавирус • 01 Маусым, 2020

Павлодар облысында тағы 1 адам коронавирус жұқтырған

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Павлодар облысында тағы 1 адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлады.

Павлодар облысында тағы 1 адам коронавирус жұқтырған

Белгілі болғандай, COVID-19 вирусы 1966 жылғы әйел адамнан анықталған. Пациент бұған дейін вирусты жұқтырған адаммен қарым-қатынас жасаған. 15 мамырда жүргізілген ПТР зерттеу нәтижесі коронавирусты жұқтырғанын анықтамады.

3 күн бойы әлсіздік, жөтелу белгілері байқалған. 30 мамырда кешке дене қызуы көтеріліп, басы ауырып, жөтел қысқан соң, әйел адам жедел медициналық көмекті шақырған, 3 қалалық аурухананың пульмонологиялық бөліміне өкпенің қабынуы алдын ала диагнозымен жатқызылды. Бірден COVID-19 ға анализ алынды. 31 мамырда анализ нәтижелері коронавирусты жұқтырғанын көрсетті, пациент ОБИА жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды.

Тұрғылықты жері және жұмыс орны бойынша байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталды. ҰСО филиалы мамандарының күшімен үй ошағында, жұмыс орнында қорытынды дезинфекция жұмыстары жүргізілді.

Өткен тәуліктегі жағдай бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 206 адам тіркелген, олардың 149-ы жазылып шыққан.