Қазақстан • 01 Маусым, 2020

Шымкент қаласының цифрландыру нәтижелері

24 рет көрсетілді

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Жұмағалиев бейнеконференция байланысы арқылы аймақтардың цифрландыру барысы мен «Ақылды қала» эталон стандартарын жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен жиналыстар өткізуде.

Таяуда Цифрлық даму министрі А.Жұмағалиев Шымкент қаласының 2019 жылы «Цифрлық Қазақстан» бағдарлаамсының іске асырылу нәтижелерімен танысты.  Жиын барысында қала әкімі М.Әйтенов сөз алып, «Ақылды қала» эталондық стандарт бағыттарын жүзеге асыруға басты назарға алатынын айтып, қаланың цифрландырудың барысы туралы есепті баяндауға қала әкімінің орынбасары Е.Садырға берді.

Шымкент қаласын цифрландыру 8 негізігі саладан (қаланы басқару, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамту және т.б) тұратын тұжырымдама бойынша жүргізілді, деді қала әкімінің орынбасары Е.Садыр. Сонымен қоса, қауіпсіздік, коммунальдық сала, сәулет және жер қатынастары т.б салаларды цифрландыруға ерекше мән берілуде.

Қаланы басқарудағы жақсы көрсеткіштің бірі ретінде 160 мемлекеттік қызметтің 141 автоматтандырылып, оның ішінде балаларды балабақшаға, мектепке қабылдау, лагерьге жолдама беру және т.б қызметтер автоматтандырылып жылдың соңына дейін интеграцияланатынын айтты.

Сондай-ақ қалада мемлекеттік жеке меншік әріптестік арқылы білім, денсаулық салаларын компьютермен жабдықтау жұмысы қолға алынған. Жер қатынастарын реттеу аясында «Halyksaulet» геопорталы әзірленіп іске қосылған.

«Қауіпсіз аула» жобасы бойынша «Қазақтелеком» АҚ бірлесіп, 2000 жуық аулаларға бейне камералар орнатылды. Жыл соңына дейн қала көшелеріне 1500 бейнекамера орнату жопарланған.

Күн тәртібіндегі екінші сұрақ бойынша «Зерде» Ұлттық инфокомуникациялық холдингі» АҚ басшысы А.Анисимов «Ақылды қала» эталондық стандарты білім, қауіпсіздік, көлік, қаланы басқару және т.б бағыттарын жүзеге асыруға Холдингтің әзірлеген ұсыныстарына тоқталып өтті. Оның айтуынша «Ақылды қала» эталон стандартын құрудың негізігі 3 мақсаты бар, олар қала тұрғындарының өміріне қауіпсіз және жайлы жағдай жасау, қаланы инфрақұрылым басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру, қалалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

Жиын соңында А.Жұмағалиев қала басшылығына 112 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметін жоспарға сәйкес іске қосуды және отандық компаниялардың цифрлық шешімдерін пайданлануға ұсыныстарын берді.

Соңғы жаңалықтар

COVID-19: Хаттамаға өзгеріс қажет пе?

Қазақстан • Бүгін, 09:25

Ұқсас жаңалықтар