Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) жағымды жаңалығымен бөлісіп отыр. Банк жаңа өнім түрі - «Арнау» балалар депозитін іске қосты. Енді барша қазақстандықтар пәтерлерін несиеге жылдық 2% мөлшерлемемен сатып алу мүмкіндігіне ие болады. Ол үшін қаражатты балалық шақтан бастап жинақтай бастаған жөн.

«Арнау» депозитінің ең төменгі жинақтау мерзімі 10 жылды құрайды. Осы уақыт ішінде салымшы өз шотында болашақ пәтер бағасының 50%-ын жинауы қажет. Оның жинаған қаражатына жыл сайын жылдық 2% мөлшерінде банк сыйақысы мен 20% көлемінде мемлекет сыйлықақысы түседі (200 АЕК-тен аспайтын сомаға есептелінеді). Осының есебінен, депозиттің кірістілігі бір жыл ішінде жылдық 6%-ға дейін жетеді.
Ең аз жинақтау мерзімі өткеннен кейін, «Арнау» депозитінің иесі жылдық мөлшерлемесі 2%-ды құрайтын тұрғын үй заемын ала алады. Заем тек кәмелет жасына жеткен, яғни, 18-ге толған және одан асқан балалардың атына рәсімделеді.
– Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде бұған дейін де сәби дүниеге келісімен оның болашақ үйіне ақша жинау үшін шот ашуға болатын. Бүгінде банкте дәл осындай 140,8 мыңнан астам шот бар. Енді, міне, клиенттерімізге тиімдірек болу үшін, біз балалар депозитін бөлек бір өнім ретінде ұсынуды жөн көрдік. «Арнау» депозиті бойынша берілетін несие мөлшерлемесі 2%-ға дейін төмендетілген. Бұл депозит иелері үшін – қажетті қаражатты жинақтап, жас кезден-ақ баспаналы болудың тамаша мүмкіндігі. Дәл осындай 2 пайыздық төменгі мөлшерлемемен бүгінде тек «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында ғана несие беріледі. Алайда, оған барлық азаматтар қатыса алмайды. Ал «Арнау» депозиті болса, барша қазақстандықтар үшін қолжетімді. Балалар тез өседі. Олардың шотына қазірден бастап ақша сала бастасақ, кемінде 10 жылдан кейін бастапқы жарнаны да жинап қоюға болады. Ал бала есейген кезде, табысы көп болмаса да, ең төменгі мөлшерлемемен пәтер сатып ала алады, – деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің депозитінде қаражатты жоспарлы түрде жинаған барлық салымшылар мен «Арнау» депозитінің иелері жеңілдетілген процедура бойынша өздерінің төлемқабілеттіліктерін растай алады. Бұл еңбек жолын жаңа бастаған жастар үшін аса маңызды.
«Арнау» депозитін сәбидің атына тек баланың заңды өкілдері (ата-анасы, қамқоршысы) ғана аша алады. Ал оған қаражатты баланың ата-анасы мен қамқоршысынан бөлек, оның әжесі, атасы, ағалары мен әпкелері, тіпті, ұйымдарда толықтыра алады. Бұған қоса, «Арнау» депозитін табыстауға немесе оны басқа депозиттермен қосуға, сонымен қатар, оған өзге тарифтік бағдарламалардан ауысуға болмайды.
АЛМАТЫ
Ішкі істер министрлігіне қарасты ЖОО басшылары жауапқа тартылды
Қазақстан • Бүгін, 09:17
Ерлан Ыдырысов қызметінен босатылды
Президент • Бүгін, 09:03
Елімізде тағы 1 104 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Спорт • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:38
Спорт • Бүгін, 08:35
Өнер • Бүгін, 08:33
Таным • Бүгін, 08:30
Жұқпалы індеттен абай болған абзал
Медицина • Бүгін, 08:28
Қаржы • Бүгін, 08:25
Қос ауданда өткен азаматтық қабылдау
Саясат • Бүгін, 08:23
Мемлекеттік сыйлық: Үміткерлер іріктелді
Қазақстан • Бүгін, 08:21
Саясат • Бүгін, 08:20
Саясат • Бүгін, 08:18
Алманың атасы: Жетісу сиверсінің жайы қандай?
Аймақтар • Бүгін, 00:18
Қоғам • Бүгін, 00:15
Экономиканың өсуіне нақты сектор үлес қосып отыр
Саясат • Бүгін, 00:12
Аймақтар • Бүгін, 00:11
Аймақтар • Бүгін, 00:10
Өзгермелі әлемдегі ынтымақтастық жолы
Саясат • Бүгін, 00:06
Жетінші съездің арқалаған жүгі қандай?
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Йеменде жағдай тұрақталып келеді
Әлем • Бүгін, 00:02
Электр энергиясынан бас тарту кімге ұтымды?
Әлем • Бүгін, 00:00
Аштыққа ұшырағандар саны арта түсті
Әлем • Кеше
Аймақтар • Кеше
Энергетикалық тапшылық: Дағдарыс пен мүмкіндік
Экономика • Кеше
Қаржы • Кеше
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Журналистика жампозы Омарғали Құдышев туралы бір үзік сыр
Қазақстан • Кеше
Руханият • Кеше
Әдебиет • Кеше
Өсу мен өшудің арасы екі-ақ тармақ
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
Абай оқулары: Хакім мұрасының жас зерттеушілері
Абай • Кеше
Жергілікті тұлғалар ескерусіз қала бере ме?
Қоғам • Кеше
Көршілермен байланыс артып келеді
Экономика • Кеше
Өнер • Кеше
Ұқсас жаңалықтар