Аймақтар • 01 Маусым, 2020

Қарағанды облысы: 14 тұрғын коронавирусты жеңіп шықты

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында 14 пациент коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысы: 14 тұрғын коронавирусты жеңіп шықты

Ауруханадан үй карантиніне ауыстырылғандардың арасында Қарағанды қаласының  тоғыз тұрғыны бар. Олар – 2008, 2015, 2018 жылдары дүниеге келген балалар, 1967, 1979, 1985, 2000 жылғы ер адамдар және 1994 жылы туған әйел. Сондай-ақ, жазылғандардың қатарында Саран қаласының 1980, 1988 жылдары туған екі тұрғыны, Теміртауда тұратын 1972, 1976 және 1982 жылғы үш азамат бар.

Толық емдеу курсынан өткен соң және ПТР-талдау екі мәрте теріс нәтиже көрсеткеннен кейін, пациенттер үй карантинін сақтау шартымен ауруханадан шығарылды.

31 мамырға келіп түскен мәліметке сай, Қарағанды облысында «жаман тұмаудан» жазылып шыққандардың жалпы саны 243 адамға жетті.