Саясат • 01 Маусым, 2020

Сыртқы істер министрлігінде ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Гуманитарлық құқық және адам құқықтары саласындағы Қазақстанның халықаралық-құқықтық міндеттемелерін іске асыру процесіне шолу жүргізу және жетілдіру мақсатында Сыртқы істер министрлігі Гуманитарлық құқық және адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті 20-шы отырысын онлайн режімінде өткізді, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Сыртқы істер министрлігінде ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Отырыс барысында адам құқықтары жөніндегі Әмбебап кезеңдік шолу шеңберінде Қазақстан Республикасының Үшінші ұлттық баяндамасын қорғау қорытындылары бойынша ұсынымдарды іске асыру, сондай-ақ БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетіне ҚР Үшінші кезеңдік баяндамасын енгізуге және БҰҰ-ның Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою жөніндегі комитетінде 8-10 жиынтық мерзімді баяндаманы қорғауға дайындық барысы қаралды.

Отырыстың қатысушылар БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы рәсімдерінің (арнайы баяндамашылар, тәуелсіз сарапшылар, жұмыс топтары) ұсынымдарын орындаудың бағалары мен перспективаларын және Қазақстанның БҰҰ-ның Адам құқықтары саласындағы халықаралық шарттарына одан әрі қосылу мәселелерін жан-жақты қарастырды.

Адам өлшемі сияқты маңызды саладағы БҰҰ-мен ынтымақтастықтың маңыздылығын атай отырып, мемлекеттік органдардың өкілдері қазақстандық тараптың адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы өзіне алған халықаралық міндеттемелерді орындауы бойынша бірлескен күш-жігерді үйлестіруге уағдаласты. Сонымен қатар үстіміздегі жылдың қаңтарында Президент Әкімшілігі жанындағы Адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасынан баяндамаларға ұсыныстар әзірлеу жөніндегі Үйлестіру кеңесін құру Адам құқықтары мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен салалық үкіметтік емес ұйымдардың өзара сындарлы іс-қимылына жәрдемдесетін болады.