03 Қазан, 2013

Әлеуметтік тұрақтылық – өзекті мәселе

872 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елдегі әлеуметтік тұрақтылық мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Қарағандыда өткен «Әлеуметтік шиеленістің алдын алу және әлеуметтік-еңбектік қақтығыстарды шешудің жолдары мен әдістері» республикалық семинар осы мәселеге арналды. Оны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан кәсіподақтар федерациясы, «Самұрық-Қазына» АҚ «Әлеуметтік серіктестік орталығы» корпоративтік қорымен бірлестіріп ұйымдастырды. Мемлекеттік мекемелер, ірі кәсіпорындар, кәсіподақтар, саяси партиялар филиалдарының, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары жан-жақты талқыға салған аталған тақырып төңірегінде сындарлы әңгіме қозғады.

Семинарда сөз алған Әлеуметтік әріптестік орталығының бас директоры Нұрлан Ерімбетов «Самұрық-Қазына» АҚ тобы компанияларының әлеуметтік тұрақтылық рейтингі әлеуметтік-еңбектік қақтығыстарды болжау­дың құралы ретіндегі маңызды рөліне тоқталды. Ол ортаға салған­дай еліміздің 500-ден астам кәсіп­орнын біріктіріп, құрамында 320 мың адам еңбек ететін бұл топ әлеуметтік жауапкершілік пен әріптестіктің барлық бағыттары бойынша мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен тығыз әрі өзара ниеттестік іс-қимыл жасауға, еңбек қақтығыс­та­рының алдын алудың жаңа тетік­терін енгізуге, еңбек қатынас­тары диагностикасының инно­вациялық әдістемелерін дайын­­дауға, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі іс-шараларын жетілдіруге баса мән беріледі. Осы орайда жинақталған тәжірибе мен міндеттер кеңінен тілге тиек етілді.

Өзекті әңгімені өрбітіп жалғас­тырушылар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Ақмәди Сарбасов, Қазақстан кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Қайрат Амандықов, «Қазақ­мыс корпорациясы» ЖШС еңбек қатынастарын реттеу басқар­масының бастығы Серік Торыбаев тағы басқалары ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және шешу, еңбек қақтығыстарын болдырмау сияқты өміршең мәселелер жөнінде ой бөлісіп, осыған байланысты ұсыныс-пікірлер білдірді. Қатысушыларға сондай-ақ, арнайы тренингтік сабақтар өткізілді.

Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ҚАРАҒАНДЫ.