07 Сәуір, 2010

ЗОР ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ

536 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Елбасының дәстүрлі Жол­дауы ел өмірінің өскелең жағ­дай­ға жетіп, әлемдегі әлеуетті мем­ле­кеттер қатарына енуін негіз­деп, халықтың әлеуметтік жағ­дайын жақ­сартуға бағытталып келеді. Әрине, әрбір мемлекеттің басты байлығы адам болған­дық­тан, оған қажетті барлық мүм­кін­дік қа­растырылуы тиіс. Жол­дау­да осы мүмкін­діктердің бас-аяғы түгел қамтылған. Мен со­лар­дың ішінде білім беру бағыт­тарына берілген жауапкершілік жөнінде аз-кем пікір қоссам деймін. Мемлекет басшысы әрдайым жастарға үміт артып, ел ертеңі­нің тізгінін және тұтқасын ұс­тай­тын елжанды азаматтарды тәрбиелеуге баса назар аударып отыр. Бұл тұрғыда өзімнің сол жастардың қатарын­дағы орным­ды және де білім беру сала­сында еңбек ететінімді алсам, Жолдау жүк­тегендей біздің де атқарар жұмыс­тары­мыздың жауапкерші­лігі аз емес сияқты. “Балапан” арнайы бағдарламасы бойынша, сондай-ақ 2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделінің негіздері бүгінгі мұға­лімге көп көңіл бөлу қажеттігін айғақтай түседі. Ұрпақ тәрбиесі қай дәуірдің де талабында тұрған басты борыш. Сон­дықтан, оған деген ата-ана мен мектептің бірлескен жұмыстары бәсең тартпаған. Ал. ХХІ ғасырдың оқу талабы өте күрделі, маңызды болып отыр. Өйт­кені, жаңа технолиялық даму айшықтарын оқушы сана­сы­мен сабақтастырудың сәтті қадамдарын мұғалім меңгеру керек. Біз осы меңгерудің мың сан жолдарын қарастыра оты­рып, оқушыға кемел келеше­гі­міз­дің көкжиегін көрсетуіміз тиіс. Мен тарихшы ретінде оқу­шыға білім мен ғылымды қатар алып жүрудің әдістемесін негізге аламын. Сол негіз көптеген оқушыларға ой салып, ғылымға бет бұруға алғышарт жасайды. Демек, Елбасы Жолдауында айтылғандай, білім беру бағытындағы жауапкершілікті сезініп, өз міндетімізге адал еңбекпен атсалысуды абзал борышымыз санаймыз. Гүлжауһар ЫСҚАҚОВА, №222 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі. ҚЫЗЫЛОРДА.