Әлем • 02 Маусым, 2020

Жапонияда халықтың көңілін көтеру үшін отшашу ұйымдастырылды

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Covid-19 пандемиясы кезінде тұрғындардың көңіл күйін көтеру үшін Жапония аспанында күтпеген жерден отшашулар атылды. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады.

Жапонияда халықтың көңілін көтеру үшін отшашу ұйымдастырылды

Ұйымдастырушылар адамдардың топпен жиналмауы үшін кешкі сағат 20:00-ден бастап фейерверкті елдің құпия аймақтарында жасаған. Алғашында олар отшашудың қай күні болатынын және уақытын жасырын қалдыруға бекінген. Бірақ келеңсіздік туындамас үшін өтетін жерінен басқа ақпаратты айтуға тура келген.

Аспан жап-жарық болған сәтте фейерверктің болатынынан хабарсыз болған тұрғындар үйлерінен тамашалап үлгеруі үшін отшашу айтарлықтай ұзақ уақытқа созылды.

456664

Дегенмен, өтетін аймақты қанша жерден құпия ұстағанына қарамастан Жапония астананасында көше кезген адамның қарасы көп болған.

2020 жылы өтуі тиіс Токио олимпиадасының кейінге қалдырылуы отшашу өндірісіне айтарлықтай залалын тигізді. Қаншама айлар бойы дайындалған отшашуларды сату иелеріне қиын соғып тұр.