«Келесі 6 жыл ішінде біз 10 мың шақырым жолды (оның ішінде 3,8 мың км өтпелі жобаны) салу және қайта құру, сондай-ақ республикалық желідегі 11 мың шақырым автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуді жоспарлап отырмыз»,- деді министр.
Сонымен қатар, Атамқұлов министрлік алдында үлкен міндеттер тұрғанын атап өтті: республикалық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 100% -ға жеткізу, I және II техникалық санаттағы автомобиль жолдарының ұзындығын 60% дейін, ақылы жолдардың үлесін 45% дейін, жол бойындағы қызмет көрсету объектілерін 100% қамту жоспарланған.
«Біз теміржол транзитін 49% -ға, яғни 18 ден 26,9 млн тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Біз контейнер транзитін 2 есеге арттырып, 2025 жылы 1,6 миллион контейнерге жеткіземіз. Жолаушылар тасымалы жылына 8,1-ден 11 млн адамға дейін (35% -ға) артады», - деді ол.
Министрдің айтуынша, жоспарланған жобаларды іске асыру 550 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде көлік саласындағы еңбек өнімділігі 20 пайызға артып, инвестициялар 3 есеге артады.