07 Сәуір, 2010

РУХАНИ ҚОЛДАУДЫҢ ДА МАҢЫЗЫ ЗОР

562 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
29 қаңтардағы ел Пре­зи­денті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауына рухани қолдау ретінде облыстық “Абуд Хамид Қаттани” мешітінде кеңейтілген мәжіліс болып өтті. Оған аудан, қала имам­дары қатысты. Дәстүрлі Жол­даудың кең көлемде наси­хатталуына, сондай-ақ аудан, қала мешіттерімен қа­тар, ауыл округі, елді мекен мешіт­терінде жұма намаздарының уағыздары арқау болуда. Осы Жолдау аясында қала мешіттерінде имамдар арасында арнайы мәжіліс өткізілді. Кездесу бары­сын­да Елбасының кезекті Жол­дауындағы өмір, білім, ғы­лым, саясат, ел ішіндегі бір­лік-береке, ұлттар мен ұлыс­тар арасындағы тату-тәтті өмірді қалыптастыру және нығайту, т.б өзекті мәселе­лер туралы жан-жақты ай­тылды. Ел халқының 70 пайыз­дан астамы мұсылмандар екені белгілі. Қасиетті Құ­ран Кәрімнің Хужрат сүре­сіндегі 10 аятында: “Шын мәнінде мұсылмандар бір-бі­ріне бауыр”. Хазреті Мұхам­мед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз да хадис шәріп­терінде “Мұсылман – мұсылманға бауыр”, дейді. Мешіттердегі уағыздарда еліміздегі этностардың бір­лігі мен ынтымағына үлкен мән беріледі. Өйткені, ын­ты­мағы мен бірлігі күшті ел ғана қандай қиындықты бол­са да жеңеді. Аллаға шү­кір, өтпелі кезеңнің қиын­шылықтары артта қалды. Ел экономикасы аяғынан тұ­рып келеді. Халықтың тұр­мыс жағдайы мен әл-ауқаты да біртіндеп жақсара түсуде. Біздер – дін өкілдері де жас мемлекетіміздің тәуел­сіз­дік жолындағы ұлы мұ­рат­тарынан тыс қала алмай­мыз. Осыған байланыс­ты қазіргі таңда, әсіресе, елдің рухын көтеріп, отаншылдық сезі­мін ояту, күшейту қажет. Сөйтіп, асыл дініміз арқылы да ертеңгі күнге – Қазақ елінің болашағына, ұлттық бірлігімізді нығайтуға қыз­мет ете аламыз. Біздер ислам дінін түрлі саяси мақсатқа пайдаланғы­сы келетін­дерге жол бермей, әрі олардың жетегінде кет­пей, біртұтас Қазақ­стан үшін жұмыла жұдырық бо­лып, діндер арасын­дағы тү­сі­ністікке, үнқатысуға жол ашып, жікшілдік пен фана­тизмге тос­қауыл болуымыз керек. Сонда бізді алар жау болмайтындығы сөзсіз. Еліміз бен Елбасымыз аман болып, Қазақстанда мәңгілік тыныштық, береке-бірлік ор­науын Алла тағала нәсіп етсін! Ахметжан қажы КЕРІМБЕК, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкіл имамы.