Жақып Ақбайұлының Қарқаралының атақты байы, татар көпесі Халиолла Бекметовтің күйеу баласы екені белгілі. Заңгер оның Гүлбаһар деген қызына үйленген.
«Самаурын Қоянды жәрмеңкесінен сатып алынған болу керек. Бұл жәдігерді Қарқаралы музейіне 2008 жылы Жақып Ақбайұлының туысқандары тапсырған», дейді Қарқаралы мұражайының қызметкері Сәтбек Сламбеков.
Бұл самаурын турасында ел ішінде мынадай аңызға бергісіз әңгіме бар. Кезінде Қарқаралының бай-бағландары мен көпестері бәстесіп, «Кімдікі тез қайнайды?», деп самаурындарын қағаз ақшамен қайнататын көрінеді. Сонда көпес Халиолла Бекметовтің осы суреттегі самаурыны бірінші болып қайнап, ол бәстің шарты бойынша Қоянды жәрмеңкесінің бір жылға бас акционері болыпты.
Қарағанды облысы