Табиғат жанашырлары оны «Өскемен – Самар» тас жолының бойынан, нақтырақ айтсақ, Өмеш асуынан көріп, осында әкелген болатын. «Енесін көлік қағып, ажал құштырған екен. Төл анасының жанынан кетпей, иіскелеп, сол маңайда жүріпті. Бұған жаны ашыған жолаушылар орманшыларға хабарласқан екен. Ең әуелі бізге келгенде әлсіздеу еді, қазір жағдайы жақсы. Күннен күнге ширап келеді. Күніне үш мезгіл сиырдың сүтін беріп отырмыз» дейді хайуанаттар бағының аймақ фаунасы бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы Бауыржан Қажыдаев.
Қапыда қалаға тап болған бұланның төліне бақ қызметкерлері Өмеш деп ат қойыпты.
ӨСКЕМЕН