Кез келген аурудың адам ағзасына жайсыз әсер ететіні айтпаса да түсінікті. Денсаулығыңды нашарлатқанымен қоймай, мазасыз күйге түсіретіні тағы бар. Бас ауырып, балтыр сыздап дәрменсіз халге жеткенде дәрі мен дәрігерді дәнекер етіп, сауығып кетудің жолдарын іздейсің. Ілгеріде өткен ғұламалар, «Адам баласы қадіріне жете бермейтін екі нығмет бар: олар – денсаулық пен уақыт» деген екен.

Иә, қай аурудың болсын жақсысы жоқ. Бірақ бүгінгі таңда адам баласын алаңдатып отырған дерттің бірі – шашыраңқы склероз.
Шашыраңқы склероз – орталық жүйке жүйесінің созылмалы аутоиммунды ауруы, жас, еңбекке қабілетті жастағы адамдардың мүгедек болып қалу себептері арасында алғашқы орындарды иеленеді. Деректерге сүйенсек, әлемде 2,3 млн адам осы диагнозбен ауырады.
30 мамырда өтетін Бүкіләлемдік шашыраңқы склероз күні қарсаңында Еуразиялық медициналық қауымдастық Merck және Sona-Pharm компанияларымен Қазақстанда осы ауруды диагностикалау мен емдеуді жақсарту мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Әріптестіктің негізгі мақсаты – осынау күрделі ауруды диагностикалау мен емдеуде клиникалық және ғылыми-зерттеу саласындағы ынтымақтастықты дамыту. Бүгінде қазақстандық емделушілер бір-біріне осы аурумен күресте қолдау көрсету үшін және қоғамдық ортаның аталған аурудан хабардар болуы үшін ТМД және Украинаның басқа елдерінің пациенттерімен күш біріктіріп отыр. Олар алғаш рет жетекші невролог-сарапшылардың қатысуымен өткен халықаралық онлайн конференцияға қатысты, онда олар болашаққа үмітпен қарау бағдары, отбасы мен қызметтік мансапты жоспарлау жолдары туралы ақпарат алмасуға мүмкіндік алды.
Шашыраңқы склероз – орталық жүйке жүйесінің ауыр аутоиммунды ауруы. Оның ең жиі белгілері – көру қабілетінің бұзылуы, әлсіздік сондай-ақ қозғалыс үйлесімділігіндегі қиындықтар. Ауруға шалдыққан 10 жыл ішінде уақтылы ем қабылдамаған пациенттердің 50%-ы мүгедек болып қалады. Мамандардың болжауы бойынша, әлемде 2,5 млн-ға жуық адам осындай диагнозбен өмір сүруде.
Еуразиялық медициналық қауымдастықтың мәліметінше, Қазақстанда осындай диагнозы бар 1767 пациент тіркелген, 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық 10,7 оқиғаны құрайды. Олардың басым көпшілігі – Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары мен Алматы, Нұр-Сұлтан және Ақтөбе қалаларында тұрады.
«Шашыраңқы склероздан негізінен 20-дан 40 жасқа дейінгі жастар зардап шегеді. Сондықтан да Қазақстанда бұл әлеуметтік маңызды аурулар тобына жатқызылған. Ауруды дер кезінде диагностикалау және шашыраңқы склероздың (ПИТРС) ағымын өзгертетін препараттармен бара-бар дербестендірілген емдеуді ерте жүргізу асқынудың алдын алуға мүмкіндік береді, аурудың өршуін және емделушілердің мүгедек болып қалу процесін айтарлықтай баяулатады. Қазақстан – емделушілерге дер кезінде айырықша көңіл бөлінетін және сапалы терапияға уақтылы мән берілетін ТМД бойынша аз ғана мемлекеттердің бірі. Мемлекет осы санаттағы науқастарының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілу шығындарын жабады, олар халықаралық емдеу стандарттарына сәйкес тұрғылықты жері бойынша тегін заманауи препараттар алады», дейді «Еуразиялық медициналық қауымдастық» ЗТБ басқарма төрағасы, Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық кеңесінің төрағасы Надежда Петухова.
Бұл ауруға алғаш рет шалдығып, онымен бетпе-бет келгендер жиі шаршап, бұл диагнозды дұрыс қабылдай алмайды.
«2018 жылдың 28 маусымында Астана қаласы бойынша шашыраңқы склерозбен ауыратын мүгедектердің қоғамдық бірлестігі құрылды. Оны құрудың мақсаты – аталған диагнозы бар адамдарға көмек көрсету және олардың қоғамдағы мүдделерін білдіру. Нұр-Сұлтанда осындай 100-ден астам пациент тұрады. Бұл – адамдардың күш-қуатын жоятын ауру, бұл сырқат олардың өмірінің барлық жағына әсер етеді және әрбір адам оны әртүрлі қабылдайды. Біз пациенттердің күнделікті тіршілігін ынталандыруға және олардың өміріне әртүрлі сипат беруге көмектесеміз. Науқастарға және олардың жақындарына ауру туралы ақпараттар береміз, осы бағытта әртүрлі іс-шаралар өткіземіз. Мәселен, тренингтер, семинарлар, қайырымдылық түскі ас, балаларға арналған жаңа жылдық ертеңгілік, паралимпиадалық жаттығулар», дейді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша шашыраңқы склерозбен ауыратын мүгедек-науқастардың қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сапура Байғуанова.
Еуразиялық медициналық қауымдастықтың Merck және Sona-Pharm компанияларымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюдағы мақсаты – шашыраңқы склерозды диагностикалау және емдеу саласындағы бірлескен клиникалық және ғылыми-зерттеу серіктестігін құру.
«Осыдан 20 жыл бұрын осы сырқатпен күресу үшін шешім қабылдай бастағандардың бірі ретінде Қазақстанда тұратын пациенттерге медициналық көмек көрсетуді жақсартуға үлес қосуға тырысамыз. Бүгінде осындай сырқаты бар адамдар дұрыс таңдалған терапия арқылы толыққанды өмір сүріп, болашаққа жоспар жасап, отбасын құра алады. Бұл әсіресе сырқаты жас кезінде анықталған науқастар үшін аса маңызды. Біз ТМД елдеріндегі серіктесіміз – Sona-Pharm компаниясымен бірге дәрігерлер мен пациенттерге осы ауруды емдеу үшін инновациялық шешімдер ұсына алатынымызға қуаныштымыз. Еуразиялық медициналық қауымдастық тарапынан бұл бағдардың қолдау тапқанын мақтан тұтамыз және қауымдастықпен ынтымақтастықта сырқаты бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға ұмтылудағы маңызды қадам болады деген сенімдеміз», дейді ТМД елдеріндегі Merck Biopharma мекемесінің директоры Роджер Элиа.
Бүгінде Merck және Sona-Pharm компанияларының қолдауы нәтижесінде Қазақстанда пациенттерге консультациялық көмек көрсетуге арналған арнайы кабинеттер жұмыс істейді. Сонымен қатар олардың базасында невролог-мамандар жалпы тәжірибе дәрігерлері үшін ауруды дер кезінде тану бойынша түрлі білім беру іс-шараларын, консилиумдар мен дөңгелек үстелдер өткізе алады.
«ТМД елдері мен Украинадағы Merck компаниясының серіктесі бола отырып, біз пациенттік және дәрігерлік қоғамдастықтың шашыраңқы склерозбен күрес жөніндегі бастамасын қолдауға ұмтыламыз. Мысалы, сырқаты бар пациенттер тәулік бойы консультациялық қолдау ала алатын арнайы кабинеттердің ашылуы Қазақстанда ғана емес, посткеңестік кеңістіктің басқа да елдерінде де сұранысқа ие болуы мүмкін өте маңызды және уақтылы шешім. Сонымен қатар Еуразиялық медициналық қауымдастықпен ынтымақтастық туралы үш жақты келісім жасай отырып, біз болашақта аталған диагнозы бар көптеген науқастардың толыққанды өмір сүруіне көмектесе аламыз», деді Sona-Pharm мекемесінің бас директоры Остап Купновицкий.
Биылғы және алдағы жылдардағы Халықаралық шашыраңқы склероз күнінің басты тақырыбы – «MS Connections» (ШС-байланыстар) болмақ. Яғни, әлеуметтік кедергілерді еңсеру үшін пациенттерді біріктіру, олардың жалғыз қалуына жол бермеу, оқшаулануын болдырмау. Бүгінде бұл бағыттағы заманауи технологиялар маңызды рөл атқарады. ТМД елдері мен Украинада пациенттер мен олардың туысқандары және дәрігерлер үшін Халықаралық ШС күніне арналған барлық белсенді іс-әрекеттер білім берудің онлайн-платформасында ұйымдастырылады. Бұл оларға ауру туралы және оны емдеудің жаңа мүмкіндіктері туралы көбірек зерделеуге, сонымен қатар ШС ауруымен ортақ күресте басқа елдердің өкілдерімен күш біріктіріп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Ресей инвесторлары Атырауға бет бұрды
Аймақтар • Бүгін, 16:56
Елбасы кітапханасында «Мың алғыс саған, Ұлы далам!» халықаралық дөңгелек үстелі өтті
Қазақстан • Бүгін, 16:45
Елордада әлеуметтік аз қамтылған 30 отбасыға азық-түлік себеттері тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 16:44
Алматы: Коронавирустың алдын алуға барлық эпидемиологтар қатысады
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Мемлекеттік хатшы: Тоталитаризмнен зардап шеккен көп халыққа қазақ жері пана болды
Үкімет • Бүгін, 16:26
Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды
Қоғам • Бүгін, 16:15
Атыраудың дәрігерлері «Туған елге мың алғыс!» челленджін ұйымдастырды
Аймақтар • Бүгін, 16:00
Елордадағы табысы аз отбасыларға сыйлық сертификаттары берілді
Қоғам • Бүгін, 15:59
Шымкенттік спортшылар стенд атудан әлем кубогінде қола медальге ие болды
Спорт • Бүгін, 15:51
Шымкентте азаматтар 30 мамандық бойынша тегін қысқа мерзімді кәсіптік білім ала алады
Аймақтар • Бүгін, 15:49
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен кездесті
Үкімет • Бүгін, 15:38
Көктем кешікпей жетеді: Наурыз айына арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 15:21
Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды
Қоғам • Бүгін, 15:20
Үкімет • Бүгін, 15:17
Наурыз айында ел аумағында ұйымдастырылатын мәдени іс-шаралар кестесі жарияланды
Қазақстан • Бүгін, 15:01
Алматыда ұлттар достыған арқау еткен шара өтті
Аймақтар • Бүгін, 14:47
Этномәдени бірлестіктердің өкілдері алматылықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 14:35
Қызылорда облысының әкімі өрт салдарынан зардап шеккен Текебаевтар отбасына барды
Аймақтар • Бүгін, 14:30
Қуатты құрылымның шуақты мерекесі
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Әулиеаталықтар Алғыс айту күнін атап өтуде
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Елордада табысы аз отбасыларға сыйлық сертификаттары табысталды
Елорда • Бүгін, 13:50
Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 13:30
Сенаторлар адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша заң жобасын қарайды
Парламент • Бүгін, 13:22
Көпбалалы ана белгісіз кәсіпкерге алғыс айтады
Аймақтар • Бүгін, 13:15
Ержан Бәкірбайұлы Талдықорғанның әкімі болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:11
Зейнетақы ақшасын стоматологиялық қызметке пайдалануға болады
Медицина • Бүгін, 13:00
Алматыда педагогтардың республикалық жиыны өтті
Білім • Бүгін, 12:53
Қазақстанда «Шын Жүректен» атты алғыс білдіру сайты іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 12:48
Өңірлердегі медициналық ұйымдардың тозығы жеткен
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Тараз полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
Аймақтар • Бүгін, 12:28
Шымкентте Алғыс айту күні аталып өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:24
Киевте Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай іс-шара өтті
Руханият • Бүгін, 12:18
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған кездесу өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:13
ГМ-172/10 мекемесінде Ж.Жабаевтың 175 жыл толуына орай мерекелік іс-шара аталып өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Ерлан Тұрғымбаев: Учаскелік пункттер желісін кеңейту керек
Қоғам • Бүгін, 12:07
БЖЗҚ салымшылары жинақтарын интернет арқылы бақылай алады
Экономика • Бүгін, 12:04
Қазақстанда бір апта ішінде 3 мыңнан аса қылмыс тіркелді
Қоғам • Бүгін, 12:01
Нұрлан Нығматулин: Алғыс айту күні - жас ұрпақты мейірімділікке тәрбиелейтін ерекше мереке
Парламент • Бүгін, 11:30
Созақтық полицейлер боранда жолда қалғандарды құтқарды
Аймақтар • Бүгін, 11:20
Ертең Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 11:15
40-қа жуық адамды ажалдан арашалаған шымкенттік дәрігер туралы не білеміз?
Аймақтар • Бүгін, 11:15
Алтай Көлгінов бүгінгінің батырларына алғыс айтты
Қоғам • Бүгін, 11:09
Әлем халықтарының қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар?
Әлем • Бүгін, 10:45
Нұр-Сұлтан «сары аймаққа» қайта енді
Коронавирус • Бүгін, 10:41
1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
Қоғам • Бүгін, 10:36
Жандарбек Бекшин дәрігерлерге алғыс айтты
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Қазақстанда «Биологиялық қауіпсіздік туралы» заң әзірленеді - А.Цой
Медицина • Бүгін, 10:32
Қазақстанда ломбардтар жабылады
Экономика • Бүгін, 10:30
Биыл 6 миллионға жуық қазақстандық вирусқа қарсы вакцина қабылдайды
Медицина • Бүгін, 10:27
Алматыда Алғыс айту күніне орай этномәдени бірлестіктердің басшылары ҚХА аллеясын отырғызды
Руханият • Бүгін, 10:26
Келер жылы дәрігерлердің жалақысы қанша болатыны айтылды
Медицина • Бүгін, 10:21
«Тұмар-2021» ұлттық телевизиялық байқауына өтінімдер қабылдау басталды
Қоғам • Бүгін, 10:20
Ержан Біржанов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:15
Отандасымыз мәнерлеп сырғанаудан Sofia Trophy додасында қола жүлдеге ие болды
Спорт • Бүгін, 10:13
Мәулен Әшімбаев: Қоғамда Алғыс айту күні бұқаралық сипатқа ие болып келеді
Парламент • Бүгін, 10:08
Б.Сағынтаев алматылықтарға ынтымақтастық пен өзара көмектері үшін алғыс айтты
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Шымкентте отбасылық бизнес дамып келеді
Аймақтар • Бүгін, 09:53
Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен полиция қызметкерлерін вакциналау басталды
Медицина • Бүгін, 09:50
Асқар Мамин: Береке-бірліктің арқасында алға қойған мақсаттарымызға жеттік
Үкімет • Бүгін, 09:38
Елбасы Алғыс айту күнімен құттықтады
Елбасы • Бүгін, 09:28
Мемлекет басшысы қазақтандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:23
Бүгін 1 наурыз – Алғыс айту күні
Руханият • Бүгін, 09:13
Өткен тәулікте 547 науқас қауіпті індеттен айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:03
Елімізде бір күнде 622 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Бүгін, 06:59
Өнер • Бүгін, 06:57
Ұқсас жаңалықтар