Семей қаласының 1962, 1976, 1996, 2019 жылдары туған және Семей қаласына келген Нұр-Сұлтан қаласының 1987 жылғы тұрғынынан және Ресей Федерациясынан келген Алматы қаласының 1996 жылғы тұрғынынан ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері COVID-19 вирусын анықтады.
Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық анализ 1 адамнан бұған дейін коронавирусты жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болғаны үшін, 3 адамнан ЖРВИ және пневмония ауру белгілеріне мониторинг жасау кезінде және 2 адамнан шет елден (РФ) келгені үшін алынған.
Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған.
Олармен байланыста болған адамдарды эпидемиологиялық және медициналық түрде тексеру үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ауру ошақтарында зарарсыздандыру шараларын жүргізіп жатыр. Эпидемиологиялық тергеу және эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.
Өткен тәуліктегі жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған жалпы 148 адам тіркелген, олардың ішінде 54 науқас жазылып шыққан.