Петропавл қаласында тұратын 1955 жылғы ер адам мен 1988 жылғы әйел адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Олар COVID-19-ға вирусты жұқтырған адаммен жақын қарым-қатынаста болуына байланысты тексерілген. Олардың да вирусты жұқтырғаны анықталғаннан кейін «Бірінші қалалық аурухана» ШЖҚ КМК жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Клиникалық белгілері жоқ.
Бұл азаматтармен байланыста болған 7 адам анықталды. Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары қолға алынған.
Өткен тәуліктегі жағдай бойынша СҚО аумағында COVID-19 вирусын жұқтырған жалпы 61 адам тіркелген, олардың ішінде 43 науқас сауығып шыққан.