Қоғам • 03 Маусым, 2020

Еліміздің талантты жастарына арналған «Елбасы Медалі» жобасы басталды

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы «Елбасы Академиясы» КҚ басшысының орынбасары Ануар Жангозин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте мәлімдеді.

Еліміздің талантты жастарына арналған «Елбасы Медалі» жобасы басталды

«Былтыр Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздегі жас таланттар мен көшбасшыларды қолдау мақсатында El Úmiti бастамасын көтерген болатын. Елбасының осы бастамасының негізінде 10 түрлі жоба іске асып жатыр. Соның бірі бұрын-соңды болмаған «Елбасы Медалі» жобасының басталғаны туралы хабарлаймыз», - деді Ануар Жангозин.

Бұдан соң, ол еліміздегі әр түрлі саланың үздіктерін мысалға келтірді.

«Әрине, біздің еліміз сан-салада, ол мейлі спортта, мәдениетте, өнерде, ғылымда, білімде болсын таланттарға өте бай.  Оған дәлеліміз де бар. Геннадий Головкин, Илья Ильин, Димаш Құдайберген, Ержан Максим, Жансая Абдумалик, Динара Сәдуақасова, Александр Винокуров сияқты талантты отандастырымыз елімізді күллі әлемге танытып, дәріптегені баршамызға белгілі. Әлі де болса алдағы уақытта осындай ел болашағынан зор үміт күттіретін талантты жұлдыздар қатарының көп боларына сенім мол», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар