- Бағдарламаға еліміздің кез келген аймағынан жасөспірімдер мен жастар қатыса алады. Яғни, шалғай елді мекендерді де қамтитын боламыз. Ең бастысы жас ерекшелігі 14-29 жас аралығында болуы керек. Біз еліміздің барлық облыстары мен қалаларында аймақтық ресурстық орталықтар мен тәлімгерлердің желісін құрып жатырмыз. Олар барлық қатысушыларға әдістемелік қолдау көрсетеді, - деді Ануар Жангозин.
Сондай-ақ ол бағдарламада ешқандай шектеудің жоқ екенін айтты. Қатысушылар өздері таңдаған сала бойынша қатыса алады.