Қазақстан • 03 Маусым, 2020

Биыл елімізде автобустарды жаңартуға 10 млрд теңге бөлінеді

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл елімізде автобустарды жаңартуға 10 млрд теңге бөлінеді

Қазіргі уақытта еліміз бойынша қалалық автобус бағыттарында шамамен 10,5 мыңдай автобус жүр. Олардың 43%, яғни 4,5 мыңдай автобустың шығарылған жылы 7 жылдан асып кеткен.

Өңірлерде автобус парктерін жаңаруды қолдау мақсатында 2018-2019 жылдары жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 33,5 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражатқа өңірлерде Қазақстанда өндірілген 693 автобус сатып алынды.

Ал биыл бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 10 млрд. теңге қаражат бөлу мақұлданды. Оған өңірлер 1370 автобус сатып алуды жоспарлап отыр.

2020 жылдан бастап әлеуметтік маңызды бағыттарда қызмет ететін тасымалдаушылар қосымша құн салығын төлеуден 3 жылға босатылады. Бұл шаралар жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға және отандық зауыт өндірушілерді қолдауға бағытталған.