Аймақтар • 03 Маусым, 2020

Маңғыстау: Полицейлер жол жүру ережелері бойынша сынақтан өтті

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау полиция басшысы генерал-майор Жанарбек Бақтыбаевтың нұсқауы бойынша Полиция департаментінде қызметтік іс-әрекетте құқық тәртіпті сақтау және қызметтік автокөлікте жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында қызметтік көлікке бекітілген қызметкерлермен жол қозғалысы ережелерін және осы саладағы заңнаманың өзгерістерін зерделеу бойынша қызметтік сабақтар үнемі өткізіліп тұрады, деп хабарлады Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Маңғыстау: Полицейлер жол жүру ережелері бойынша сынақтан өтті

Қызметтік көліктерге бекітілген қызметкерлер жол қозғалысы ережелерін және жоғары сапалы жүргізуді, сонымен қатар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы білуі міндетті. Жақында Полиция департаментінің компьютерлік сыныбында полиция жүргізушілері үшін жол ережелерін білуге арналған тест өткізілді. Жүргізуші куәлігі бар полиция қызметкерлерінің жол жүру ережелерін білу деңгейі тексерілді. Компьютерлік сынып жол жүру ережесін білуге арналған тестілерді орындау үшін емтихан тапсыруға арналған заманауи бағдарламамен жабдықталған.

Тестілеуден тек облыс орталығының полиция қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар аудандарда қызмет ететін тәртіп сақшылары да өтті. Барлық тестіленушілер тапсырмаларды орындады. Полиция-жүргізушілердің білімін тексерудің мұндай тәсілі жедел-қызметтік міндеттерді шешуге тұрақты дайындықты қолдау үшін қажет.

 

Маңғыстау облысы