Коронавирус • 03 Маусым, 2020

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан тағы 4 адам көз жұмды

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия елімізде тағы 4 адам коронавирус инфекциясынан көз жұмғанын хабарлады.

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан тағы 4 адам көз жұмды

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан тағы 4 адам көз жұмды. Қарағанды облысында ‒ 1964 жылғы ер адам, Атырау облысында ‒ 1964 және 1951 жылдары туған ер адамдар, Нұр-Сұлтан қаласында ‒ 1951 жылғы әйел адам.

Коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия аталған өлім себептерін коронавирус инфекциясынан орын алды деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстанда COVID-19-дың кесірінен барлығы 48 адам қайтыс болды.

Соңғы жаңалықтар