Белгілі болғандай, вирусты жұқтырғандар 1990, 1993, 1996 жылдары туған ер адамдар, олар Ресейдің Омбы қаласында вахталық әдіспен жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары, М. Жұмабаев ауданының «Қарақоға» СКБ арқылы келген. Елге келген соң COVID-19-ға тексеріліп, карантиндік стационарға жатқызылған.
Зертханалық талдау нәтижелері олардың вирусты жұқтырғанын көрсеткен соң, олар Петропавл қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Бұл азаматтармен байланыста болған 4 адам тексерілді, нәтижелері — теріс.
Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары қолға алынған.
Өткен тәуліктегі жағдай бойынша СҚО аумағында COVID-19 вирусын жұқтырған жалпы 64 адам тіркелген, олардың ішінде 43-і жазылып шыққан.