Коронавирус • 04 Маусым, 2020

Павлодар облысында коронавирус жұқтырғандар саны 224-ке жетті

82 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Павлодар облысында тағы 7 адамның індет жұқтырғанын хабарлады. 

Павлодар облысында коронавирус жұқтырғандар саны 224-ке жетті

Вирусты жұқтырғандардың 5-еуі Павлодар қаласында, 2-еуі Кенжекөл кентінде және Баянауыл ауданында анықталды.

COVID-19-ды 1962, 1992, 1995 жылдары туған ер адамдар және 1956, 1959, 1977, 1984 жылдары туған әйел адамдар жұқтырған.

Екі павлодарлық өздерін нашар сезінуіне байланысты — дене қызуы көтеріліп, әлсіздік, тез шаршау және тәбеттің жоқтығы белгілері бойынша медициналық көмекке өздігінен жүгінген. Екі адам профильді медициналық тексерістен өткен, тағы екеуі — Нұр-Сұлтан қаласынан бір рейспен келуіне байланысты коронавирусқа тексерілген. Бір пациент бұған дейін вирусты жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болғаны үшін тексерістен өткен.

Баянауылдан келген 64 жастағы әйел өткір панкреатит диагнозымен жедел медициналық жәрдем бригадасының көмегімен ауруханаға жатқызылған.

58 жастағы ер адам көп жылдар бойы туберкулез диагнозымен диспансерлік есепте тұрған, денсаулығы нашарлаған соң ауруханаға жатқызылды.

61 жастағы әйел стационарға глаукоманың өткір ұстамасы диагнозымен жатқызылды. Барлық жағдайда COVID-19 ға анализ алынды. ПТР-зерттеу нәтижесі барлығының вирусты жұқтырғанын көрсетті.

Пациенттер ОБИА жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Тұрғылықты жерлері және жұмыс орындары бойынша науқастармен байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталды. ҰСО филиалының мамандары ауру ошақтарында зарарсыздандыру шараларын жүргізді. Эпидемияға қарсы шаралар өңірде қолға алынған.

Өткен тәуліктегі жағдай бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 224 адам тіркелген, олардың ішінде 159-ы жазылып шыққан.