Белгілі болғандай, вирус жұқтырғандардың 3-еуі Ақтөбе қаласында, 1-еуі Шалқар ауданында тіркелген. 1976, 1985, 1989 жылдары туған 3 науқас ЖРВИ симптомдарының пайда болуына байланысты медициналық көмекке жүгінген кезде COVID-19-ға тексерілген, 1970 жылғы ер адам бұған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен байланыста болған.
Барлығы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Олармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары қолға алынған.
Өткен тәуліктегі жағдай бойынша Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 367 адам тіркелген, олардың ішінде 196-сы жазылып шыққан.