- Облыс орталығында 1962, 1977, 1995, 1996 жылдары туған төрт адамда вирус анықталды, олардың үшеуі эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша анықталса, біреуі вирусты жұқтырған адаммен байланыста болған. Сондай-ақ Т. Рысқұлов атындағы ауданда бұған дейін вирусты жұқтырған науқаспен тығыз байланыста болған 1957, 1980, 1992 жылдары туған тұрғындар арасында коронавирус анықталды. Барлық науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді, олармен байланысқан адамдар карантинге бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекция жүргізілді, - делінген хабарламада.
Өткен тәуліктегі жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 405 адам тіркелді, олардың ішінде 209-ы жазылып шықты және дәрігерлердің бақылауында үй карантині талаптарын сақтап отыр.