Ауырғандар індетті бұрын жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде және скрининг барысында анықталды. Олардың ішінде Қарағандының 39 тұрғыны бар. Сондай-ақ, КВИ белгілері Теміртау қаласының 18 тұрғынынан және Абай, Бұқар жырау, Шет, Ұлытау аудандарының тұрғындарынан да расталды.
Қазіргі уақытта пациенттердің денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Жұқтыру ошақтарында дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілді.
Соңғы мәліметтерге сай, Қарағанды облысында КВИ жұқтырудың 1 024 оқиғасы ресми түрде тіркелген. Оның ішінде төрт науқас көз жұмды және 314 адам індетті дәрігерлердің көмегімен жеңіп шықты.