Қазақстан • 04 Маусым, 2020

Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды Мемлекеттік рəміздер күнімен құттықтады

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды Мемлекеттік рəміздер күнімен құттықтады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды Мемлекеттік рəміздер күнімен құттықтады
«Құрметті отандастар! Баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рəміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
 
Бұл еліміздің егемендігі мен тұтастығын, бірлігі мен ынтымағын паш ететін қастерлі рəміздерімізді ұлықтайтын мереке. Бүгінде Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Əнұран ұштағаны жер шарының əр қиырында жүрген Ұлы Дала елінің ұл-қызына мақтаныш сезімін ұялататын белгіге айналды.
 
Мемлекеттік рəміздеріміз осынау кең атырапты қасық қаны қалғанша қорғаған ата-бабалар арманынан, тағылымды тарихымыздан сыр шертіп қана қоймай, əлемдік қауымдастыққа Тəуелсіз Қазақстанның бейбітсүйгіш ел екенін паш етіп келеді.
 
Халқымыздың айбарын асқақтатып, бойына ұлтжандылық дарытатын нышандар төрімізден түспей, тұғыры биік болсын», - делінген құттықтау хатында.
Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше