«Оқушының білім сапасы мұғалімнің жұмысымен тікелей байланысты. Сондықтан мұғалім өзінің міндетіне жатпайтын артық жүктемелермен айналыспауы керек. Ол тек балаларға білім және тәрбие беруге міндетті. Министрлік бүгінде мұғалім мәртебесі талаптарының сақталуын қадағалап келеді. Біз мұғалімдердің алаңсыз жұмыс істеуіне барынша жағдай жасаймыз», - деді Асхат Аймағамбетов.
Сондай-ақ ол мұғалім жұмысын жеңілдету үшін олардың толтыруы қажет құжаттар санының азайғанын айтып өтті.
«Енді пән мұғалімі күнделікті тек екі құжат толтырады. Құжаттардың қысқаруы тек мектеп мұғалімдеріне ғана қатысты емес. Бұл сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына, колледж ұстаздарына, ЖОО оқытушыларына да қатысты. Педагог тек қана өзінің негізгі міндетімен айналысуы керек. Бұған дейінгі түрлі есеп беру, тексеруге қатысты құжаттар мұғалім міндетінен алынып тасталды», - деді ол.