Қазақстан • 04 Маусым, 2020

Асхат Аймағамбаев: Ауылдағы ұстаздардың жалақы алу жүйесін өзгерту керек

1141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн режимде өткен халық алдында есеп беру кездесуінде ауыл мен қала мектептерінің арасындағы алшақтықты жою мәселесіне тоқталды.

Асхат Аймағамбаев: Ауылдағы ұстаздардың жалақы алу жүйесін өзгерту керек

«Ауыл-қала арасындағы алшақтықты азайту мәселесі үнемі назарда. Бұл тек ауыл мен қаланың арасындағы алшақтық емес, бұл өңір мен өңірдің арасындағы үлкен алшақтықты PISA нәтижесінде көріп отырмыз. Сондықтан бұл мәселе кешенді тиісті шараларды қабылдауды қажет етеді. Біріншіден, біз ауыл мен қаланың ара-қашықтығын айтқанда ұстаздардың тапшылық мәселесін көтереміз. Бұл мәселені шешудің бір жолы – ауылда істейтін мұғалімдердің жалақы алу жүйесін өзгерту. Неліктен бұл маңызды? Өйткені, білім саласында 1 ставка деген – 18 сағат. Ал шағын жинақталған мектептерде 18 сағат болмайды. Өйткені, бір сынып екінші сыныппен бірге оқиды және сол сыныптарда балалар саны өте аз болады. Сағат аз болғаннан кейін 4-6 сағат үшін мұғалім ауылға бармайды. Мұғалім бармағаннан кейін білім сапасы да болмайды», - деді министр Аймағамбетов.

Сондай-ақ министрдің айтуынша еңбекақы жүйесін өзгерту, оқу-материалдық базасын нығайту, сапалы интернетпен қамтамасыз ету сияқты мәселелер қолға алынып жатыр.