Коронавирус • 04 Маусым, 2020

Елжан Біртанов коронавирус өрши түскен өңірлерді атады

735 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте коронавирустың өсім деңгейі жоғары өңірлерді атады.

Елжан Біртанов коронавирус өрши түскен өңірлерді атады

«Аптаның соңғы деректеріне сүйенсек, өсім деңгейі 6 өңірде жоғары. Жақында ғана ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Кейбір өңірлер бойынша біз ақпарат беріп жатырмыз. Мысалы Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында жоғары өсім болған. Бірақ қазір жағдай тұрақталып келе жатыр. Сол сияқты Нұр-Сұлтан қаласында да біраз өсім болды. Ол өсім қазір 2 пайызға төмендеді», деді Елжан Біртанов.

Бұдан соң, министр әр өңірде эпидемиологиялық жағдайға байланысты ерекше шектеу шаралары енгізілетінін айтты.

«Өңірлерде шектеу шараларын енгізуге бас санитарлық дәрігерлердің құқықтары бар. Арнайы шектеулер өсім деңгейі жоғары аудандарға енгізіледі. Мысалы Атырау облысының бір ғана Теңіз кенішінде өсім жоғары болып, басқа елді мекендерде жағдай дұрыс болғаннан кейін тек қана сол ауданға шектеу шаралары енгізіледі», деді ол.