Қазақстан • 04 Маусым, 2020

Сауат Мыңбаев: «ҚТЖ» өзіне қойылған міндетті 100 пайыз орындап отыр

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысында сөз алған «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев бір жылдағы жұмыс қорытындысына тоқталды. 

Сауат Мыңбаев: «ҚТЖ» өзіне қойылған міндетті 100 пайыз орындап отыр

«Былтыр жүк тасымалы 2018 жылға қарағанда 1,8 пайызға, транзиттік тасымал 3,7 пайызға, контейнердегі транзит 23,7 пайызға, операциялық кірісі 33 пайызға артты. Бұл нақты атқарылған жұмыстың нәтижесі. Операциялық қызмет бойынша кері нәтиже бар. Ол курстық айырмашылыққа байланысты. Кредиттік қарызды 17 пайызға азайтуға мүмкіндік туды. Осылайша, қазіргі міндеттеме бойынша «Қазақстан темір жолы» өзіне қойылған міндетті 100 пайыз орындап отыр», деді С.Мыңбаев.

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше