Кәсіпқой бокс • 05 Маусым, 2020

Көш басында – Мейвезер

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой және әуесқой боксшылар­дың статистикасын жүргізетін әйгі­лі BoxRec сайты әлемдегі ең ұлы 10 бокс­­шы­ның тізімін жариялады.

Көш басында – Мейвезер

Атақты боксшылардың рейтингін әйгілі кіші Флойд Мейвезер бастап тұр. Биыл 43 жасқа толған америкалық боксшы 21 жылдық карьерасында 50 жекпе-жек өткізіп, барлығында қарсыласынан басым түскен. Өз кезегінде кіші Флойд Мейвезер бес салмақ дәрежесі бойынша әлемнің экс-чемпионы атанып, боксшылардың салмақ дәрежесіне қарамай түзілетін pound-for-pound рейтингінде көшбасшы болған. Екінші орында Мейвезердің рингте басты қарсыласы болған филиппиндік Мэнни Пакьяо орналасқан. Ал үздік үштікті 1963-1977 жылдары орта салмақтың жұлдызына айналған аргентиналық Карлос Монсон қорытындылап тұр.

Кейінгі орындарда Мохаммед Әли, Шугар Рэй Леонард, Бернард Хопкинс, Джо Луис, Арчи Мур, Оскар Де Ла Хойя және Хулио Сесар Чавес жайғасқан. Бір қызы­ғы, аса ауыр салмақта бокс жұлдызына айнал­ған әйгілі «Темір Майк», яғни Майк Тай­сонға рейтингте орын бұйырмаған. Сон­дай-ақ аңыз боксшылардан Эвандер Холи­филд, Рокки Марчиано және Роберто Дюранда үздік 10 боксшының рейтингіне енбей қалған.