04 Қазан, 2013

Алматы декларациясына – 35 жыл

369 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше «Қазмедиа орталығының» ғимаратында «Алматы декларациясының» 35 жылдығына орай өтетін халықаралық конференцияға арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды.

Жиынға Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Мелита Вуйнович және БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) өкілдігінің үйлестірушісі Айгүл Нұрғабылова қатысты.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов биылғы 6-7 қарашада Алматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысымен Алматы декларациясының 35 жылдығына орай халықаралық конференция өтетінін, оған әлемнің жетпіске жуық елінен мамандар келетінін мәлімдеді.

«Осыдан 35 жыл бұрын алғаш рет әлемнің 157 мемлекеті «Алматы декларациясы» атты үлкен құжатты қабылдап, бұл құжат әлем елдеріне таралған болатын. Құжатта Алғашқы медициналық-санитарлық көмекке (АМСК) басымдық беріліп, ол барша әлемнің денсаулық сақтау жүйесінің басты бағыты етіп айқындалған еді» – деді вице-министр.

Ол, сондай-ақ, жуырда өтетін конференцияның өзге мемлекеттермен тәжірибе алмасуға, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің жаңа инновациялық жолдарын қамтамасыз ете отырып, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін жақсартуға, халық денсаулығына әсер ететін басқа да секторларды тарту, инновациялық технологиялар мен АМСК қызметін компьютерлендіру бойынша бұдан әрі қарайғы ұстанымдарды анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Егемен-ақпарат».