Қызылорда облысында жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.
Түркістан, Алматы, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысында шаңды дауыл болжанады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз дауыл, бұршақ күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының жекелеген аумақтарында түнде және таңертең тұман болады. Кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде бұршақ жаууы ықтимал.
Қостанай облысының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді.
Қызылорда, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық болады.
Қызылорда облысында, Түркістан, Жамбыл, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.