Аймақтар • 05 Маусым, 2020

Оралхан Дәуіт «Ақ жол» газетінің бас редакторы болып тағайындалды

1259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әріптесіміз, елімізге белгілі журналист Оралхан Дәуіт бүгін Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы болып тағайындалды.

Оралхан Дәуіт «Ақ жол» газетінің бас редакторы болып тағайындалды

Оралхан Дәуіт әр жылдары ел газеті «Егемен Қазақстан» басылымында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарындағы меншікті тілші болып еңбек етті. Сонымен қатар, бас басылымның бөлім меңгерушісі болып та қызмет атқарды. Сондай-ақ, әр жылдары Жамбыл облыстық «Арай» газетінің директор-бас редакторы, республикалық «Жас Алаш» газеті бас редакторының орынбасары болды.

Қоғамдағы күрделі мәселелерді дер кезінде қозғап, ұтымды пікір білдіретін Оралхан Дәуіт қазақ баспасөзінің қазанында қайнап, майданында шыңдалған білікті маман. Оның әр жылдары жазылып, баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалары да лайықты бағаланып, журналистика саласындағы бірқатар сыйлықтарды иеленген. Сонымен қатар, «Ақ самауыр» атты әңгімелер жинағы жарық көрген.

 

Жамбыл облысы