«Қай көшелер туралы кейінірек хабарланады. Дайын болыңыздар», деп жазды қала әкімі Б. Сағынтаев сол кезде.
Енді бұл ұсынысты Алматының белсенділері мен блогерлері қолдап отыр. Олардың пайымдауынша, Алматыда 1 күн көлік қозғалысына тиым салу экологиясын сауықтырып жібермесе де, біраз адамдарды ойландыруы тиіс.
Сәулетші және белсенді Жанна Спонер айдың әр бірінші жексенбісінде Алматының ортасына автомобильдер үшін жабуды ұсынды. Әкімдікте оның ұсынысы қабылданды.
Жанна Спонер – қаладағы ауа сапасын жақсарту идеяларын жасайтын қоғамдық сарапшылар тобының мүшесі. Оның айтуынша, ұсынылған бастама - ауқымды бағдарламаның кішкене ғана қадамы. Ол айына бір рет Алматының орталық көшелерін көліктерден босатуды ұсынды. «Біздің ұсынысымыздың қоғамдық көліктерге, жедел жәрдем немесе әлеуметтік маңызы бар көліктерге қатысы жоқ. Тым болмаса айына бір рет Әл-Фараби сияқты қала орталығындағы көшелерді көлік кептелісінен құтқаруға септігімізді тигізсек дейміз. Бұл әлемдік тәжірибеде бар үрдіс» , дейді ол.
Жанна Спонер әкімдік өзінің идеясын біртіндеп жүзеге асыруды жоспарлап отырғанын хабарлады. Алдымен тек кейбір учаскелер мен көшелер, содан кейін бүкіл орталықтағы көшелерге шектеулер енгізіледі.
«Әкімдік бұл ұсынысты қабылдады. Бірақ бұл олардың идеясын осы жексенбіде енгізе бастайды дегенді білдірмейді. Бізге дайындық жұмыстары қажет. Мүмкін, шілденің бірінші жексенбісінде шектеулер мен карантин жойылған кезде бірінші күнді өткізуге тырысамыз», - деді ол.
Сәулетшінің айтуынша, әлемнің көптеген қалаларында олар осындай іс-шараларды, мысалы, көліксіз күн өткізіп жатыр. Сонымен қатар, ол кейбір қалаларда бұл тәжірибе апта сайын болатынын атап өтті.
7 жыл бұрын Италияға барғанда осындай акцияға куә болған. Сонан соң осындай бастамалардың экологияға әсерін зерттеуге кіріскен. Егер, үлкен қалаларда ондаған жылдар бойы айдың 1 күнін көліксіз өткізу туралы ұсыныс тәжірибеге енсе, бұл әлем үшін қалыпты жағдайға айналады. Тіпті кезінде бұл бастаманы БҰҰ шеңберінде заңдастырмаққа талпыныстар болыпты. Әзірге, ұсыныс талқылануы, зерттелу деңгейінен әрі аспапты. Егер, Алматы бұл ұсынысты қолдаса, Қазақстан Италиядан кейінгі № 2 мемлекет ретінде тіркеледі.
«Идеяның мақсаты – қала тұрғындарына тым болмаса 1 күнді көліктен шығатын улы газдардан құтқару, ал көлік иелеріне айына 1 күн жаяу жүруге болатынын еске салу. Карантин бізге бос уақытымызды қалай жоспарлау керектігін, баратын жерге қоғамдық көлікпен де баруға болатынын үйретті. Әрине, бұл ауаны ластау мәселесін шешпейтінін түсінемін, бірақ бұл оған назар аударуға, қаланы жеңілдетуге көмектеседі. Адамдарға жаяу жүру, мотороллер, велосипедпен жүру, дем алу қаншалықты жеңіл екенін сезіне алатын болады. Мұндай күнді мерекелермен, базарлармен, жәрмеңкелерге арнауға болады. Карантин кезінде біз Алматының ауасы дем алып қалғанын, Алатау Алматыға барлық сұлулығымен, көркімен жақындап қалғанын көрдік. Менің ойымша, қазір адамдарға бұл идея ұнайды », деді ол.