Аймақтар • 07 Маусым, 2020

Тапа-талтүсте әйелдің мойнындағы алқасына жармасқан

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл полицейлері тапа-талтүсте  1955 жылы туған қала тұрғынына шабуыл жасап, оның алтын алқасын қолды етпек болған қылмыскерді ұстады.

Тапа-талтүсте әйелдің мойнындағы алқасына жармасқан

Оқиға жуырда ғана күндізгі сағат 14.00 шамасында Петропавлдағы орталық көшелердің бірінде болған. Қылмыскер  әйелге шабуыл жасап, алтын алқасын жұлып алмақ болғанында өтіп бара жатқан адамнан ығысып қана арам ойын жүзеге асыра алмаған. Жәбірленуші қылмыскерден құтылған бойында «102» телефонына хабарласып, болған жайтты айтқан.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол бұрын мүліктік қылмыстар жасағаны үшін сотталған 36 жастағы Петропавл тұрғыны екендігі белгілі болды. Қазір оның үстіне қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. «Облыстық полиция басшылығы мұндай қылмыстардың ашылуын ерекше бақылауда ұстайды «Ізін суытпай» ашу кезінде бөліністердің ұйымдасқан жұмысы ғана емес, сонымен бірге «102» арнасына бірден жүгіну де маңызды шарттардың бірі.

Күдіктіні іздеуге қаланы патрульдеуді жүзеге асыратын полицияның кешенді күштері жұмылдырылып, бейнебақылау жазбалары қаралды. Сонымен қатар жедел уәкілдер бұрын мүліктік қылмыс жасағандары үшін жауапқа тартылған адамдар туралы мәліметтерді тексерді», - дейді Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руслан Назаров.

Жалпы, жыл басынан бері СҚО-да 33 тонау тіркеліп, оның 30-ы ашылған.

 

Солтүстік Қазақстан облысы