08 Маусым, 2020

Доллар бағамы 397 теңгеге дейін төмендеді

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қор биржасында 8 маусым күнгі сауда қортындысында доллардың бағасы 397,31 теңгені құрады. Бұл жұма күнгі сауда бағасынан 2,22 теңгеге төмен көрсеткіш, - деп хабарлайды Egemen.kz

Доллар бағамы 397 теңгеге дейін төмендеді

Қазір еліміздің ақша айырбастау пункттерінде доллар 399,5-400 теңгеден сатылып, 397,5-398 теңгеге сатып алынуда.

6 маусым күні өткен ОПЕК+ шешімі мұнай бағасының өсуіне жағымды әсер еткен секілді. Ондағы бенйнеконференция түрінде өткен министрлер бас қосуында мұнай бағасын шектеу саясатын шілде айында да жалғастыру жөнінде ұйғарым жасалған болатын. Осының ықпалымен кеше Лондон биржасында кешегі күні брент мұнайының бағасы бірден 17 пайызға көтеріліп, барреліне 43 долларды құрады. Міне, осы жағдайдың доллар бағамына әсер еткені сезіледі.

Қащақстан Ұлттық банкі мамандарының пікірінше, әлемдік мұнай нарығындағы жағдай ептеп түзеліп келеді. Дегенмен мұның өзі нарықта тұрақтылық орнағандығын білдірмейді. Бағаның құбылуына әсер ететін жағдайлар әлі де болса сақталып қалып отыр. Ал мұның еліміздегі доллар мен теңге арақатынасына да ықпал ететіндігі жоққа шығарылмайды.