05 Қазан, 2013

Қазақстан Республикасының Заңы № 134-V ҚРЗ

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы

2008 жылғы 22 желтоқсанда Абу-Дабиде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция және оған Хаттама ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2013 жылғы 4 қазан.   № 134-V ҚРЗ