Қоғам • 09 Маусым, 2020

Елімізде төтенше жағдай кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейген

796 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық 25 пайызға артты. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халық алдында есеп беру кездесуінде айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде төтенше жағдай кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейген

"Тұрмыстық зорлық-зомбылық 25 пайызға өсті. Төтенше жағдай режимі кезінде азаматтар оқшауланып, үйде отырғанда Дағдарыс орталықтарының шұғыл желі нөміріне көмек сұрап, қоңырау шалушылар көбейді. Олар отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы шағымданған. Өкінішке қарай, мұндай жағдайда зардап шеккен 10 адамның екеуі ғана полицияға жүгінуге келіседі", - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Сондай-ақ ол жыл басынан бері елдегі қылмыс саны 38 пайызға төмендегенін атап өтті. Ұрлық-қарлық, бұзақылық, төбелес сынды қылмыстар саны азайған.