Сондай-ақ, 8 маусымнан бастап мектептен тыс қосымша білім беру нысандары мен ересектер мен балаларға арналған даму орталықтарының қызметі қайта жандана бастады.
Облыста COVID-19 індеті бойынша іс-шараларды орындауды қамтамасыз ету мақсатында 65 мобильді топ құрылды. Олардың құрамына облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары, полиция бөлімдерінің, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері кірді.
Бұл жеделдетілген топтар дезинфекциялық іс-шаралардың сақталуына күні-түні бақылау жасайды. Дезинфекциялық режімді сақтамай, тәртіп бұзған нысандарға қатысты әкімшілік қатаң жазалар қолданылады. Тіпті, керек болған жағдайда олардың жұмысы тоқтатылуы да мүмкін.
Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысындағы санитарлық-дезинфекциялық режімнің талаптарын сақтау мәселелесі бойынша міндеттерді орындау мақсатында жүргізілген рейдтер 7934 нысанды қамтыды.
Төтенше жағдайлар режімі кезінде санитарлық-эпидемиологиялық және дезинфекциялық іс-шараларды сақтау барысында тәртіп бұзған нысандар бойынша 406 істі сот органдарының қарауына жіберді. Мұның ішінде 111 іс бойынша әкімшілік қамау шарасы қолданылды, 265 іске қатысты 10 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Тоғыз іс бойынша ескерту жасалып, қазір сот қарауында бір іс жатыр. Елімізде төтенше жағдай режімі аяқталғандықтан, 20 әкімшілік іс қаралған жоқ.
Төтенше жағдай аяқталған соң, нысандар жұмысы қайта жанданғаннан кейін ҚР Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы кодексінің 462-бабы, 3-тармағы бойынша 10 тәртіп бұзушылық анықталып, санитарлық қызмет органдары аталған фактілер бойынша 10 істі сот органдарының қарауына жіберді.
Бұған қоса, жер-жерде тұрғындар арасында және барлық меншік түріндегі нысандарда түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
КВИ індетінің тұрғындар арасында таралуының жалғасуына байланысты жолаушыларды тасымалдау бойынша қалаішілік қоғамдық көліктерді санитарлық-дезинфекциялық режімді сақтау және өңдеу жұмыстарын жүргізу аясында бақылау күшейтілді.
Бүгінге дейін 508 автокөлік тексерілді. Оның ішінде 505 автобуста дезинфекциялық құралдарды пайдаланып өдеу жүргізу, жүргізушілер мен кондукторлардың және жолаушылардың салмақ режімін сақтауы бойынша тексерулер жүргізілді. Қалған үш көлік бойынша қаулы талаптарын орындау және сақтау туралы автокөлік қызметкерлеріне ескерту жасалды.
Облыс аумағында карантиннің жеңілдетілуіне және мобильді топтардың қайта құрылуына байланысты 2020 жылдың 18 мамырынан бастап 8856 нысанға қаулы табыс етілді. Санитарлық-ағарту жұмыстары бойынша әңгімелесу, дәріс оқу, бейне роликтер түсіру, БАҚ пен әлеуметтік желілерде жария ету түріндегі 9955 іс-шара ұйымдастырылды.
Бір сөзбен айтқанда, Қарағанды облысында бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысындағы талаптар мен міндеттерді орындау бойынша іс-шаралар жүйелі түрде жалғасын тапқан.
Қарағанды облысы