Аймақтар • 09 Маусым, 2020

Түркістанда 2 430 отбасы баспаналы болады

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Түркістанда "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының аясында мемлекеттік бюджет есебінен 158 нысанның құрылысына 36,6 млрд теңге бөлінген.

Түркістанда 2 430 отбасы баспаналы болады

Оның ішінде 40 арендалық, 88 кредиттік тұрғын үй, 30 инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысы жүргізілуде. Жалпы облыстағы мемлекеттік "Нұрлы жер" бағдарламасының сапалы орындалуы қатаң бақылауға алынған.

Мемлекеттік бюджет есебінен сатып алу құқығынсыз арендалық 40 көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы да қарқынды жүруде. Жыл соңына дейін 978 пәтерлі 18 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Сондай-ақ, әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді дамыту бағытында, 7 қабатты 48, 72 және 84 пәтерлі 24 тұрғын үй салынуда. Жыл соңына дейін 1 452 пәтер тапсырылады. Яғни биыл Түркістанда 70 нысан пайдалануға беріліп, нәтижесінде 2 430 отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі.  Ал 3 604 жеке жер учаскелеріне инфрақұрылым жүйелері жүргізілетін болады.

Құрылыс барысын бақылаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мердігерлермен кездесіп, көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы қасбетін әрлеуді жүктеді. Қолға алған жұмысты жауапкершілікпен атқаруды міндеттеді.

1

 

Түркістан облысы