Бірер күн бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебреисус әлемде пандемияның беті әлі қайта қоймағанын айтып, босаңсуға болмайтынын ескертті.

Сурет «Егемен Қазақстанның» архивінен алынды
Кей өңірлерде карантин күшейді
«Қазірге дейін 7 млн-дай адамнан коронавирус анықталды, 400 мың адам көз жұмды. Еуропада жағдай жақсарғанымен, жаһандық ахуал нашарлап барады. Соңғы 9 күнде вирус анықталғандардың саны тәулік сайын 100 мыңнан асып түсіп отыр. Тіпті жексенбі күні 136 мыңға жетті», деді Гебреисус. Денсаулық сақтау саласының мамандарын вирустың симптомсыз таралуы мен аймақтарда өрши түсуі алаңдатып отыр. Олар үшін пандемияның екінші толқынының алдын алу мәселесі де өте өзекті.
Қазақстандағы жағдай да көңіл көншітпейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Twitter-дегі парақшасында: «Үкіметтік комиссияның барлық іс-әрекетіне қарамастан, індетке шалдыққан азаматтарымыз азаймай отыр. Коронавирустың екінші толқынының қаупі сейілмегенін ДДҰ да растады. Отандастарымызды жаппай ауруға шалдығудан қашып, індеттен қорғанудың жолдарын (ара қашықтықты сақтау, дезинфекция, жеке тазалық, бетперде кию) ұстануға тағы да шақырамын», деп жазғаны бекер емес.
Шынында, төтенше жағдай аяқталғаннан кейін халықтың басым көпшілігінде босаңсу пайда болған сияқты. Атап айтқанда, 11 мамырға дейін елімізде 5 мыңның айналасындағы адам вирус жұқтырған болатын. Бір айға жетпейтін уақытта бұл көрсеткіш 2,5 есе көбейді. Яғни елімізде індетке шалдыққандар 13 мыңнан асып түсіп отыр.
Түркістан және Қызылорда облыстарында карантиндік шектеу шаралары эпидемиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылды. Мысалы, Шымкент қаласында сырқаттану деңгейінің өсуіне байланысты карантин 22 маусымға дейін жалғасады. Ал Қызылордадағы «Қамбаш» демалыс орнының жұмысы тоқтатылды. Аймақтағы балалар сауықтыру лагерьлерін іске қосу мерзімі де кейінге шегеріліп отыр.
Маңғыстау облысында СOVID-19 індетін жұқтырғандардың 7%-ға артуына байланысты 8 маусымнан бастап карантиндік шаралар қайта күшейтілді. Аймақтағы бас санитарлық дәрігердің қаулысымен бірқатар нысандар жұмысын тоқтатты. Қаулыда карантиндік іс-шаралардың тәртібі мен мерзімдері COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралу жағдайының өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін екені көрсетілген.
Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтің айтуынша, өңірдегі коронавирус жағдайы карантин талаптарын жеңілдеткеннен кейін өрши бастаған. Яғни карантин кезінде аурудың таралу көрсеткіші 2%-дан аспаған болса, бүгінде 5,5%-ды көрсетіп тұр. Әсіресе вирустың таралу қарқыны Талдықорған қаласында жоғары. Осыған байланысты 6 маусым күні Талдықорғанның бас санитарлық дәрігері жаңа қаулы шығарды, облыс орталығында карантин режімі жалғасады. Бірақ блок, санитарлық бекеттер қойылмайды, ешбір нысан жабылмайды. Тек қатаңдату шаралары объектілердің жұмыс уақытын қысқартуға ғана әсер етеді. Ал дезинфекциялау жұмыстары қоғамдық орындарда, халық көп шоғырланатын жерлерде, тұрғын үй кіреберістерінде күнде жүргізіледі.
Ақтөбенің Шалқар ауданында да кешеден бастап карантин күшейді. Халқы 50 мыңға жетпейтін ауданда бір аптада 19 адам вирус жұқтырған. Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарасты Ақкөл ауылдық округі де карантинге жабылып, ауылға кіріп-шығуға тыйым салынды. Аталған ауылда 18 адамнан коронавирус инфекциясы анықталып, бір адам қайтыс болған. Сондықтан да Құрманғазы ауданы бас санитарлық дәрігері Карл Отаровтың қаулысымен карантиндік шаралар 18 маусымға дейін ұзартылып отыр.
Ал дүйсенбі күні Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасы арқылы сұхбат берген Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы карантин талаптарына тоқталды. «Науқастар санының артуы – карантинді күшейту немесе жұмсартудың жалғыз факторы емес. Алматы облысын алып қарасақ, бір апта ішінде ауру өсімі 7%-ға артқан, сондықтан карантин күшейтілді. Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы көрсеткіш 7%-дан төмен. Бірақ соңғы аптадағы оқиғалардың 30%-ы осы қалаларға тиесілі. Төтенше жағдай режімінен кейін ашылған нысандардың жұмысын тексеретін мониторингтік топ нысандардың 53%-ы ереже бұзғанын анықтады», деді бас санитар.
Симптомы жоқтар статистикаға енбейді
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі күн сайын коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар бойынша статистика жүргізіп келді. Статистикаға ауру белгілері болсын, болмасын, вирус анықталғандардың барлығы еніп келген болатын. Енді министрлік клиникалық белгілері бар азаматтарды ғана есепке алып, симптомы жоқ тасымалдаушылардың санын жеке жариялай бастады. «Бұл халықаралық тәжірибе және түрлі елдерде қолданылып келеді. Бұлай бөлудегі мақсат – симптоматикалық емдеуді қажет ететін науқастардың саны бойынша жағдайды көрсету. Ауру белгілері жоқ адамдар айналасындағыларға едәуір эпидемиялық қауіп төндіреді. Бүгінде елімізде тестілеу арқылы күн сайын анықталып жатқан жағдайлардың 60%-ға жуығы – симптомсыз тасымалдаушылар», деп хабарлады министрлік.
Бас санитар А.Есмағамбетова елімізде вирустың өткен аптадағы таралу деңгейін осы тәртіп бойынша түсіндіріп берді. «Өткен аптадағы күнделікті науқастар өсімі 1,9 % бен 4,7% аралығында болды. Бұл – симптомды және симптомсыз науқастардың жалпы саны. Науқастарды 3 маусымнан бастап, симптомды және симптомсыз деп бөле бастадық. 3-7 маусым аралығында 1357 симптомсыз, 1073 симптомды науқас тіркелді. Олардың 45%-ы науқастармен байланыста болса, 40%-ы – профилактикалық тексеруден өткендер. Ауру белгілерін байқап, дәрігерге хабарласқандар 10%-ды құраса, шетелден келгендер – 5%», деді ол.
Кеше Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова екі топтағы науқастарға қалай ем-дом жасалатынын былайша түсіндірді: «Клиникалық белгілері жоқ вирус тасымалдаушыларға қатысты статистика жеке жүргізіледі. Бүгінде елордада коронавирус жұқтырғандардың 60%-ы клиникалық белгілері жоқ вирус тасымалдаушылар болып отыр. Бұл шара медициналық көмекті ұтымды әрі уақтылы көрсетуді ұйымдастыру үшін жасалуда. Симптомы бар науқастарға көбірек көңіл бөлінеді. Ал ауру белгісі жоқ үй карантиніндегі адамдарға емханалар арнайы нұсқаулық беріп, қашықтан бақылайды. Науқастар қажетті аппараттармен қамтамасыз етіліп, олардың жағдайын білу үшін күн сайын қоңырау шалынады. Клиникалық белгі пайда болған кезде, олар белгіленген ауруханаларда тексеріледі. Осы орайда өкпені рентгенге немесе компьютерлік томографияға түсіреді. Қорытындыға сәйкес ем-дом жүргізіледі».
Өкінішке қарай жарты жылдан бері әлемді әлекке салған індетке сенбейтіндер арамызда күн санап көбейіп барады. Бұл вирустың таралуынан да қауіпті десек артық айтқан болмаймыз. Статистиканың күн санап өсуі сақтыққа салғырт қарауға жол бермеу керектігін айқын көрсетеді.
Руханият • Кеше
Өнер • Кеше
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Кеше
«Көңіл көңілден су ішетін» керемет күн
Қазақстан • Кеше
Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті
Спорт • Кеше
Санкт-Петерборда Жамбылдың 175 жылдығы тойланды
Руханият • Кеше
Қос боксшымыз Украинада топ жарды
Бокс • Кеше
Оралда ер адам газдан уланып көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында кәсіпкер түрмеге 32 телефон өткізбек болған
Аймақтар • Кеше
Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматының Алмалы ауданында өрт болды
Аймақтар • Кеше
Түркістандағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Кеше
АҚШ жаңа вакцинаның қолданысына рұқсат берді
Әлем • Кеше
Ауа райына байланысты жабық тұрған трассалар туралы мәлімет
Қазақстан • Кеше
«Мен мұндай полицияны еш жерден көрмедім...»
Аймақтар • Кеше
Облыстық ассамблея алғыс гимнін шырқады
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Кеше
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Кеше
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Кеше
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Түркістан облысында бір отбасының бес мүшесі иіс тиіп қайтыс болды
Оқиға • 27 Ақпан, 2021
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
Әлем • 27 Ақпан, 2021
Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Саясат • 27 Ақпан, 2021
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • 27 Ақпан, 2021
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • 27 Ақпан, 2021
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі тағы 1 жылға ұзартылды
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • 27 Ақпан, 2021
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • 27 Ақпан, 2021
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • 27 Ақпан, 2021
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • 27 Ақпан, 2021
Экономика • 27 Ақпан, 2021
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • 27 Ақпан, 2021
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • 27 Ақпан, 2021
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • 27 Ақпан, 2021
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • 27 Ақпан, 2021
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар