Аймақтар • 10 Маусым, 2020

Садақа жәшігін ұрлап кеткендер ұсталды

702 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан облысының полицейлері садақа жәшіктеріне ұрлыққа түскен күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Egemen.kz

Садақа жәшігін ұрлап кеткендер ұсталды

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістан қалалық Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны арызданып, таңғы уақытта белгісіз біреу ауылдық мешіттің садақа жәшігіне ұрлыққа түскенін жеткізді. Оқиға орнына шұғыл жедел-тергеу тобының қызметкерлері шықты. Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, ұрылар ашық тұрған есікті пайдаланып, мешітке кіріп, садақаға арналған металл жәшігін ашып, ішінен ақша ұрлап кеткен. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шараларының қорытындысында, Түркістан қалалық ПБ-ның полиция қызметкерлері мешіттегі ұрлыққа қатысы бар күдіктіні құрықтады. Ол Шардара ауданының тұрғыны болып шықты және полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осыған ұқсас тағы бір қылмысты Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері ашты.

Кезекші бөлімге іргелес жатқан ауылдардың бірінің тұрғыны шағым түсіріп, жергілікті зираттан бейтаныс адам садақа жәшігінен ақша ұрлап кеткендігін жеткізген. Оқиға орнына жеткен Кентау қалалық ПБ-нің жедел-тергеу тобы шұғыл әрекет етті. Ұрылар барлығы 12 мың теңге көлемінде ақшаны алып кеткенін анықталды.

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, полицейлер күдіктіні іздестіруге кірісті. Жедел-іздестіру іс-шараларының қорытындысында, Кентау қалалық ПБ-нің қызметкерлері күдікті ретінде аталған ауылдың тұрғынын ұстады. Тергеу барысында, ер адам мас күйінде түнгі уақытта зират аумағына кіріп, садақаға арналған жәшікті ашып, ішінен ақша алып, одан кейін қылмыс орнынан бой тасалап кеткені анықталды. Айғақты зат ретінде күдіктіден ұрланған ақшалар алынды. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам қолхатпен босатылды.

Полиция қызметкерлері ер адамның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтап жатыр. Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға қырағы болу және мүлікті қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Бағалы заттар ұрланған немесе жоғалған жағдайда тез арада “102” телефоны бойынша полицияның көмегіне жүгіну керек.