Бұл тосын оқиға 8 маусымда болған. Тұрғындар Жедел-құтқару отрядына «Химик» саяжайының тұсында жылқының торға түсіп, өзенге батқаны туралы хабар беріпті.
Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жедел-құтқару отрядының құтқарушылары бір сағатта жылқыны тордан босатып, жағаға алып шықты. Мұндай оқиға Жайық өзенінде алғаш рет кездесіп отыр.